2024 ж. 21 қаңтар, жексенбі

Күнтізбе

2024 ж. 21 қаң.

Қайта, бұдан былай өркөкіректерді жарылқанған деп есептейміз. Расында зұлымдықпен шұғылданушылар табысқа кенеліп, Құдайды еркінсіп сынап келгендер аман-есен жүр ғой!» дейсіңдер.

Малахи 3:15

Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын.

Ишая 57:15

Асқақпен олжа бөліскенше, Кедеймен кішіпейіл болған артық.

Нақыл сөздер 16:19

— Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты: Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған!

Матай 5:3

Жаратқан Ие мына алтауды жақтырмайды, Тіпті жетеуді жаны мүлдем жаратпайды: Тәкаппар көз бен өтірікші тіл, Һәм жазықсыз қан төгетін қол,

Нақыл сөздер 6:16–17

Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар, Шүбә жоқ, жазасыз қалмайды олар.

Нақыл сөздер 16:5

сендерге Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Сендерді еске алған сайын Құдайға ризашылық білдіріп,

Філіпілікт. хат 1:2–3

Кішіпейіл жандар бақытты: олар жерді иемденетін болады!

Матай 5:5

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер