Ханша оған: — Мына нәрестені ал, оны менің орныма емізетін боласың. Сол үшін ақыңды төлеймін, — деп бұйырады. Әйел бөбекті емізіп асырау үшін үйіне алып кетеді.
Мысырдан шығу 2:9
Күнделікті Жарық

Ханша оған: — Мына нәрестені ал, оны менің орныма емізетін боласың. Сол үшін ақыңды төлеймін, — деп бұйырады. Әйел бөбекті емізіп асырау үшін үйіне алып кетеді.
Мысырдан шығу 2:9
4-оларға: — Сендер де жүзімдігіме барыңдар! Тиісті ақыларыңды төлеймін, — дейді. Олар да сонда кетеді. Қожайын түскі сағат он екі және үш шамасында да солай істейді.
Матай 20:4
Сендерге шындығын айтайын: Мәсіхтің жолымен жүргендерің үшін сендерге ең болмағанда бір тостаған су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр алақан қалмайды!
Марқа 9:41
Жомарт жан игілікке кенелер, Басқаны сергіткен өзі де сергір.
Нақыл сөздер 11:25
Құдай әділетсіз емес қой: Ол жасаған игі істеріңді, өз адамдарына берген, әлі де беріп жатқан көмектерің арқылы Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды.
Еврейлерге 6:10
Иса Мәсіхтің елшісі болуға Құдайдың еркімен тағайындалған Пауыл мен бауырласымыз Состеннен Қорынт қаласындағы Құдайдың қауымына дұғай сәлем. Құдай сендерді Иса Мәсіх арқылы Өзіне бағыштап алды да, кез келген жерде тұрып, Иеміз Иса Мәсіхке Жаратқан Ие деп сиынатындардың бәрімен бірге сендерді де Өзінің қасиетті халқы болуға шақырды. Ал Мәсіх — олардың да, біздің де Иеміз. Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх сендерге рақым мен тыныштық жаудыра көрсін! Мен Құдайға әрдайым сендер үшін шүкірлік етемін, өйткені Ол өздеріңе Иса Мәсіх арқылы рақымын сыйлады. Сендер Мәсіхтің арқасында барлық жағынан да рухани байып, Құдайдың сөзі жайлы еркін сөйлей алып, жан-жақты білімге ие болдыңдар. Мәсіх туралы Ізгі хабарымыздың шындығы өмірлеріңде расталды. Осылай сендер Киелі Рух сыйлайтын дарындардан ешқандай тапшылық көрмей, Иеміз Иса Мәсіхтің салтанатпен көрінуін сағына күтудесіңдер. Иеміздің қайта оралатын сол күні еш айыпталмауларың үшін Тәңір Ие сендерді өмірлеріңнің аяғына дейін табанды етпек. Құдай уәделеріне берік, Ол сендерді Өзінің рухани Ұлы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болуға шақырған. Бауырластарым, сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің атынан ескертемін: ауызбірлікті сақтап, жікке бөлінбеңдер! Қайта, бірдей мақсат пен пікірде болып, бірлікте тұрыңдар! Себебі, қымбатты бауырластарым, Хылойдың үйінен келгендерден араларыңда талас-тартыс бар екенін біліп алдым. Менің түсінуімше, біреулерің: «мен Пауылдың адамымын», басқа біреуің: «ал мен Аполлостікімін», үшіншің: «бірақ мен Петірдің», төртіншің: «ал мен Мәсіхтің шәкіртімін» дейді екенсіңдер. Сонда Мәсіхтің жіктеліп бөлінгені ме?! Әлде сендер үшін айқышқа шегеленіп құрбан болған мен, Пауыл, ма едім?! Немесе Пауылдың адамы болу үшін шомылдыру рәсімінен өтіп пе едіңдер? (Ондайдан сақтасын!) Мен Крисіп пен Гайдан басқа ешкімді осы рәсімнен өткізген жоқпын, сол үшін Құдайға шүкірлік етемін. Сондықтан Пауылдың адамы болу үшін шомылдыру рәсімінен өттім деп ешқайсың айта алмайсыңдар! Рас, сондай-ақ Степанның үй ішіндегілерін де өткізгенмін, ал тағы басқа біреуді өткізгенім есімде жоқ. Мәсіх мені шомылдыру рәсімін орындауға емес, Ізгі хабарды уағыздауға жіберді. Ол маған данышпандық пен шешендікті пайдалан демеді де, әйтпесе Мәсіхтің айқыштағы құрбандығы туралы уағыз өз күшінен айырылар еді. Мәсіхтің айқыштағы құрбандығы туралы Ізгі хабарды тозаққа кететіндер ақымақтық деп есептейді, ал құтқарылатын біздер үшін осы хабарда Құдайдың құдіреті жатыр. Пайғамбардың жазбасында мынадай сөздер бар: «Даналардың даналығын жойып, ақылдылардың ақылын жоқ қыламын». «Олай болса, даналар мен ғұламалар қайда, осы дүниелік ұлы істер туралы айтысқыш шешендер ше?» Құдай солардың бәрін де ақымақтар, ал даналықтарын түкке тұрғысыз ақылсыздық қылып көрсетті емес пе? Адамзаттың тіпті ең кемеңгер деген ой-санасымен де Құдайды ешқашан тани алмайтындығын Ол алдын ала өз даналығымен білді. Сондықтан Құдай осы дүние ақымақтық деп есептейтін уағызымыз арқылы соған сенетіндерді құтқаруды лайық көрді. Яһудилер құдіретті кереметтер талап етсе, гректер уағызымыздан даналық іздейді. Бірақ біз Мәсіхті айқышқа шегеленіп, жанын құрбан етті деп жариялаймыз. Бұл хабар яһудилерге жек көрінішті, ал басқа ұлттық адамдарға ақымақтық болып көрінеді. Алайда яһудилер мен басқа халықтардан шақырылғандар Мәсіхті «Құдайдың құдіреті мен даналығы» деп түсінеді. Адамдар «ақымақтық» дейтін Құдайдың құтқару жолы пенденің даналығынан әлдеқайда жоғары және Құдайдың «әлсіздігі» (яғни Мәсіхтің айқышта жанын қиюы) пенденің күш-қуатынан әлдеқайда күшті. Бауырластар, Құдай сендерді шақырғанда өздеріңнің кім болғандарыңа назар аударыңдаршы: табиғи тұрғыдан қарағанда араларыңда даналар, билік иелері, асыл туғандар көп емес еді. Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады. Осы дүние маңызды деп есептейтіндерді жою үшін Құдай осы дүниенің менсінбей, қорлап, түкке тұрғысыз деп санағандарын таңдап алды. Осылайша Құдайдың алдында ешкімнің де мақтануына болмайды. Тәңір Иенің істегені арқылы сендер Иса Мәсіхпен тығыз байланысқа келдіңдер. Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды. Сондықтан: «Кім мақтанғысы келсе, тек Жаратқан Иемен мақтансын!» — деп (Пайғамбарлар жазбаларында) жазылғандай істеңдер.
Қорынттықт. 1-хат 3:8
Сонда әділдер Оған: — Иеміз, қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңізде сусын берген едік? Қашан бейтаныс болып баспана іздеп жүргеніңізді көріп, Сізді қабылдаған едік? Немесе киімсіз жүрген Сізді киіндірдік?
Матай 25:37–38
Патша оларға былай деп жауап береді: — Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!
Матай 25:40
Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады: — Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар!
Матай 25:34
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 19 мау.
Еврейлерге 12:14
2024 ж. 18 мау.
Мысырдан шығу 25:21–22
2024 ж. 17 мау.
Філіпілікт. хат 4:6
2024 ж. 16 мау.
Ефестікт. хат 5:15–16
2024 ж. 15 мау.
Заңды қайталау 29:29
2024 ж. 14 мау.
Філіпілікт. хат 3:10
2024 ж. 13 мау.
Жохан 15:4

Қызмет
Мәсіхшілік қызметтегі кішкентай істер күнін қабылдаңыз. Сіздің кішкентай мейірімділік пен сенім…
Универсализм
Барлығы құтқарылады деген сенім – жалған ілім. Киелі кітап тозақты шексіз азап және Құдайдан мәңгілікке…
Ата-ана
Христиан ата-аналардың балаларына релятивизмге қарсы тұрып, Киелі кітап құндылықтарын қалай тиімді үйрете…
Неке
Үйленуге дейінгі қарым-қатынас пен некеге дейінгі кеңес беру бойынша Киелі кітаптағы нұсқаулармен Құдайды…
Отбасы
Отбасылық қақтығыстарды шешудің Киелі кітаптағы әдістерін үйреніңіз, құрметтеуге, бағалауға және өкпе-ренішті…
Ізгі хабар тарату
Матай 25:35-40, қысқартылған «Маған сусын бер», — деп сұрады Құтқарушы құдықтағы әйелден. «Неге менен…

Қызмет
Мәсіхшілік қызметтегі кішкентай істер күнін қабылдаңыз. Сіздің кішкентай мейірімділік пен сенім…

Универсализм
Барлығы құтқарылады деген сенім – жалған ілім. Киелі кітап тозақты шексіз азап және Құдайдан мәңгілікке…

Ата-ана
Христиан ата-аналардың балаларына релятивизмге қарсы тұрып, Киелі кітап құндылықтарын қалай тиімді үйрете…

Неке
Үйленуге дейінгі қарым-қатынас пен некеге дейінгі кеңес беру бойынша Киелі кітаптағы нұсқаулармен Құдайды…