2024 ж. 1 қараша, жұма

Күнделікті Жарық

2024 ж. 1 қар.

Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.

Ишая 9:6

Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады. Өзі Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оны терең қастерлеуден қуаныш табады. Патша тек көрген сырт пішінге, ұзын құлақтан естігеніне ғана сүйеніп үкім шығармайды.

Ишая 11:2–3

Даналық шақырып жатыр емес пе, Ақыл-парасат дауыстап тұр емес пе?

Нақыл сөздер 8:1

«Уа, халайық, сендерді шақырамын, Бар адамзатқа дауыстап айтамын: Аңқаулар, енді үйреніңдер, Аңғалдар, түсінік иеленіңдер, Тыңдаңдар мені, асыл сөз айтпақпын, Ақиқат — барлығы да айтарымның.

Нақыл сөздер 8:4–6

Менде ақыл-кеңес бар, адал сана, Иемін парасат, күш-қуатқа да.

Нақыл сөздер 8:14

Бұл даналық та Әлемнің Иесінен келеді. Оның ақыл-кеңесі керемет, даналығы ғаламат!

Ишая 28:29

Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.

Жақып 1:5

Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе. Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.

Нақыл сөздер 3:5–6

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер