Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»!
Ефестікт. хат 2:19
Күнделікті Жарық

Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»!
Ефестікт. хат 2:19
Ал сендер рухани Сион тауына, яғни мәңгі тірі Құдайдың көктегі Иерусалим қаласына, әрі ондағы сан мыңдаған періштелерге келдіңдер. Сондай-ақ, сенушілердің мерекелік жиыны мен қауымына қосылдыңдар. Сендер де, біз де Тәңір Иеге әке мен тұңғыш баласындай жақынбыз, есімдеріміз Оның көктегі кітабына жазылған. Барлық адамдарға үкім шығаратын Құдайдың алдына, әрі өткен кезеңдерде сенімдері арқылы ақталып, мақсаттарына жеткендерге
Еврейлерге 12:22–23
Ыбырайым, Ысқақ, Жақып үшеуі де сенімдерін ұстанған күйі дүние салды. Тәңір Ие өздеріне уәде еткен игіліктерді иемденбестен соларды тек алыстан ғана көріп, қуанды. Олар өздерінің жер бетінде тек жат жұрттық келімсек ретінде тұрғандарын мойындады.
Еврейлерге 11:13
Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.
Філіпілікт. хат 3:20–21
Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз. Өйткені Ол бәрімізді Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырып, лайықтады. Құдай бізді қара түнектің билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді.
Қолостықт. хат 1:12–13
Құдай Әке сендерді алдын ала танып, Өзінің Киелі Рухымен Иса Мәсіхке мойынсұнатын, Оның құрбандық өлімінде төгілген қаны арқылы тазарған, меншікті де қасиетті халқы болуға таңдап алған еді. Рақым, амандық және тыныштық сендерге молынан жауа берсін! Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізге зор мейірім көрсетіп, рухани қайта туғызып жаңа өмір сыйлады және Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілтуімен бізді тірі үмітке кенелтті. Сондықтан да Құдайдың өз халқына сақтаған мол игілігін иемденуімізді күтеміз. Ешқашан шіріп бұзылмайтын, өшіп-солып қалмайтын сол мұраларың сендер үшін көкте дайын тұр. Құдай Өзіне сенуші сендерді құдіретті күшімен қорғап, заманның ақырында осы күнәкар дүниеден құтқаратын болады, сол кез жеткенде бұл айқын көрінбек. Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мақтап, даңқ пен құрметке бөлемек. Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар. Ақыр соңында сенімдеріңнің нәтижесін: жандарыңның толықтай құтқарылуын қабылдамақсыңдар. Құдайдың сендерге беретін рақымы туралы алдын ала айтқан пайғамбарлар кезінде осы құтқарылу жайында мұқият ізденіп, зерттейтін. Оларға дарыған Мәсіхтің Киелі Рухы Оның төзуге тиісті азаптары және бұған жалғасатын салтанатты ұлылығы жөнінде алдын ала хабарлағанда, пайғамбарлар бұл оқиғалардың қалай және қай уақытта болатынын білуге тырысты.
Петір 1 2:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 15 қар.
Қорынттықт. 1-хат 1:9
2024 ж. 14 қар.
Забур жырлары 40:17
2024 ж. 13 қар.
Ефестікт. хат 5:25–26
2024 ж. 12 қар.
Қорынттықт. 2-хат 7:10
2024 ж. 11 қар.
Забур жырлары 78:53
2024 ж. 10 қар.
Қолостықт. хат 1:10
2024 ж. 9 қар.
Забур жырлары 89:19

Рухани соғыс
Ібілістің айла-шарғыларына қарсы тұру үшін Құдайдың сенушілерге беретін рухани сауытын түсініңіз.
Универсализм
Барлығы құтқарылады деген сенім – жалған ілім. Киелі кітап тозақты шексіз азап және Құдайдан мәңгілікке…
Қызмет
Құдайға қызмет ету мен өмірдегі міндеттерді теңестіру бойынша нұсқаулық табыңыз. Оған бағыт үшін сеніңіз…
Құдайдың еркі
Құдайдың еркін тануға арналған практикалық нұсқаулықты үйреніңіз, Исраилдіктердің сапарынан және Римдіктерге…
Үміт
Қиын уақытта отбасыңыз үшін үміт табыңыз. Бұл мақала Құдайдың өзгермейтін табиғаты, Оның Сөзі және дұғаның…

Рухани соғыс
Ібілістің айла-шарғыларына қарсы тұру үшін Құдайдың сенушілерге беретін рухани сауытын түсініңіз.

Универсализм
Барлығы құтқарылады деген сенім – жалған ілім. Киелі кітап тозақты шексіз азап және Құдайдан мәңгілікке…

Қызмет
Құдайға қызмет ету мен өмірдегі міндеттерді теңестіру бойынша нұсқаулық табыңыз. Оған бағыт үшін сеніңіз…

Құдайдың еркі
Құдайдың еркін тануға арналған практикалық нұсқаулықты үйреніңіз, Исраилдіктердің сапарынан және Римдіктерге…
Құдайдың қасиеттері
Құдай туралы дұрыс ойлау христиан өмірі үшін өте маңызды. Оның қасиеттерін түсіну пұтқа табынушылықтан аулақ…