Ал мені тыңдаған қауіпсіз тұрады, Еш пәледен қорықпай, алаңсыз болады».
Нақыл сөздер 1:33
Күнделікті Жарық

Ал мені тыңдаған қауіпсіз тұрады, Еш пәледен қорықпай, алаңсыз болады».
Нақыл сөздер 1:33
Алла Тағаланың панасында тұрған адам Құдіреттінің саясынан табады тыным.
Забур жырлары 90:1
(Демалыс күні айтылатын ән әрі жыр.)
Забур жырлары 91:1
Он ішекті аспапта әсем күй тартып, Жетіген және домбырамен қосылып.
Забур жырлары 91:4
Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.
Қолостықт. хат 3:3
Себебі бір даңқты кезеңнен кейін Әлемнің Иесі мені өздеріңді тонаған халықтарға жіберіп, мынаны айтты: «Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені!
Зәкәрия 2:8
Ал Мұса халыққа жауап беріп: — Қорықпаңдар, берік тұрыңдар! Бүгін-ақ Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер: бүгін көрген мысырлықтарыңды енді қайтып мәңгі бақи көрмейтін боласыңдар! Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді.
Мысырдан шығу 14:13–14
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.) Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар, Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!
Забур жырлары 46:1–2
Иса оларға дереу тіл қатып: — Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды.
Матай 14:27
Бірақ Иеміз: «Неліктен абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңде неге сондай ой туады? Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой», — деді де,
Лұқа 24:38–39
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 22 қар.
Яһуда 20
2024 ж. 21 қар.
Жохан 6:37
2024 ж. 20 қар.
Миха 7:8
2024 ж. 19 қар.
Матай 7:20
2024 ж. 18 қар.
Ишая 27:8
2024 ж. 17 қар.
Забур жырлары 92:5
2024 ж. 16 қар.
Жохан 17:17

Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…
Пайғамбарлық
Израиль мен Палестиналықтарға қатысты Киелі кітап көзқарасын зерттеңіз, Құдайдың халқын, уәделерін және жерін…
Дұға
Хайд мырзаның шапағат ету тәжірибесінен үйреніңіз. Басқалар үшін Құдайды мадақтау қалай рухани күш пен барлық…
Құдай Патшалығы
Құдай патшалығының рухани табиғатын, оның тарихи контекстін және мәсіхшілердің бағынышты ретінде қалай өмір…
Батылдық
Исаның «Жақсы батылдық танытыңыз» деген сөздерінің кешірім, емделу, дауылдарды жеңу және қызмет үшін қалай…
Жігерлендіру
Христиандардың соғыс пен қиыншылықтар арасында да Исадан тыныштық пен қуаныш таба алатынын біліңіз. Петір мен…