Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін, Керемет істеріңді паш етемін.
Забур жырлары 25:7
Күнделікті Жарық

Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін, Керемет істеріңді паш етемін.
Забур жырлары 25:7
Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім, Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім, Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме! Мен қамқоршың болып құтқарып, кешірдім!»
Ишая 44:22
Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!
Ишая 43:25
Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын.
Ишая 1:18
Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын.
Еремия 31:34
Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың!
Миха 7:19
Зор қайғы шеккенім игі болды маған! Сен алып қалдың мені өлім аузынан, Күнәмді лақтырдың асыра арқаңнан.
Ишая 38:17
«Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың.
Миха 7:18
және шынайы хабарды адал жеткізген Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Иса Мәсіх — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы, әрі жер бетіндегі патшалықтардың Әміршісі. Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты,
Аян 1:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 28 мау.
Job 19:25
2025 ж. 27 мау.
Revelation 6:17
2025 ж. 26 мау.
1 Chronicles 4:10
2025 ж. 25 мау.
1 John 3:2
2025 ж. 24 мау.
Numbers 10:33
2025 ж. 23 мау.
John 14:16-17
2025 ж. 22 мау.
Colossians 3:3

Ізгі хабар тарату
Мәсіхтің елшісі болу нені білдіретінін біліңіз. Өзіңіздің аспандағы дәрежеңіз, миссияңыз және осы әлемде…

Демалыс
Иса шаршағандарды күнә жүгінен тыныштық табуға шақырады. Оның жеңіл мойынтұрағын алып, одан үйреніңіз және…

Құлшылық
Бұл гимн сенушілердің Мәсіх арқылы Әке Құдайға жақындауын, Оның мейірімімен күнәдан кешірілгенін тойлайды.

Құтқарылу
Өзіне қол жұмсауға шақ қалған жас әйел уағызшының мейірімділігі мен ақ раушан гүлі арқылы үміт пен…

Рухани өсу
Мәсіхшілер адамзатқа, күнәға және Мәсіхтің жолына тән қиындықтарға тап болады. Олардың шығу тегін, оларды…
Өтеу
Қаппар күніндегі екі ешкінің киелі мағынасын және олардың күнәні өтеудегі рөлін зерттеңіз. Исаның құрбандығы…