Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»!
Жохан 7:37
Күнделікті Жарық
Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»!
Жохан 7:37
Уа, Ием, Сен еліңе рақымды болдың, Жақыптың ұрпағын тұтқыннан қайтардың.
Забур жырлары 84:2
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Құдай, арызыма құлақ сала гөр, Жаудың сесінен жанымды сақтай гөр,
Забур жырлары 63:1-2
«Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар!
Ишая 55:1
Киелі Рух пен Қалыңдық: «Келе гөр!» — деп шақырады. Мұны естіген әркім де «Келе гөр!» десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!
Аян 22:17
Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады. —
Жохан 4:14
Себебі денем — шынайы рухани «нәр», ал қаным — шынайы рухани «сусын».
Жохан 6:55
(Күйеу:) Міне, мен өз бақшама кіріп алдым, Уа, қымбаттым, менің сүйген жарым! Мүрім мен дәмдеуішімді жинап алдым, Сондай тәтті балымнан ішіп тұрмын, Шарап пен сүтімнің дәмін татып тұрмын. (Құрбылар:) Уа, достарымыз, кәне, ішіп-жеңдер, Уа, ғашықтар, тоя іше беріңдер! (Жас келін:)
Таңдаулы ән 5:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 12 қыр.
Isaiah 57:18
2025 ж. 11 қыр.
Romans 12:2
2025 ж. 10 қыр.
Jeremiah 32:9
2025 ж. 9 қыр.
Luke 1:53
2025 ж. 8 қыр.
Daniel 5:27
2025 ж. 7 қыр.
Romans 12:12
2025 ж. 6 қыр.
Lamentations 3:41