Содан соң ол сөзін жалғастырып былай деді:
— Қорықпа, Даниял. Себебі сен сол мәселені түсінуге ұмтылып, Құдайыңа мойынсұнып сиына бастаған алғашқы күні-ақ мінажатың Құдайдың құлағына жеткен еді. Мен осында сол мінажатыңа бола келіп отырмын.
Даниял 10:12
Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын.
Ишая 57:15
The sacrifices of God are a broken spirit.
A broken and contrite heart, O God, you will not despise.
Psalms 51:17
Біліміңді ұға алмаймын ешқашан,
Ол қол жеткізбес биік те ғажап маған!
Забур жырлары 138:6
Құдай Өзіне сенуші сендерді құдіретті күшімен қорғап, заманның ақырында осы күнәкар дүниеден құтқаратын болады, сол кез жеткенде бұл айқын көрінбек.
Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар!
Петірдің 1-хаты 1:5-6
Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар!
Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.
Жақыптың хаты 4:6-7
Жұрт былай демек Сион қаласы жайында:
«Осындай да осындай ер туған мұнда,
Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».
Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды:
«Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады.
Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде:
«Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде».
Забур жырлары 86:5-7