Осылайша Иеміздің халқына лайық, Оны риза қылатындай өмір сүрулеріңді, әр түрлі игі істер істеп, өсіп-өне беріп, Құдайды неғұрлым жақынырақ тануларыңды тілеп келеміз.
Қолостықт. хат 1:10
Күнделікті Жарық
Осылайша Иеміздің халқына лайық, Оны риза қылатындай өмір сүрулеріңді, әр түрлі игі істер істеп, өсіп-өне беріп, Құдайды неғұрлым жақынырақ тануларыңды тілеп келеміз.
Қолостықт. хат 1:10
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады. Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Римдіктерге хат 12:1-2
Енді сүндеттелу мен сүндеттелмеуде тұрған ештеңе жоқ, мәселе Құдайдың адамды жаңадан жаратуында. Осы ережемен өмір сүргісі келетіндердің бәріне, яғни «Құдайдың рухани Исраил халқына», тыныштық пен қайырымдылық болсын!
Ғалаттықт. хат 6:15-16
Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді.
Жохан 15:8
Сендер Мені таңдап алған жоқсыңдар, қайта, Мен сендерді таңдап алдым: өздерің барып, рухани жеміс берсін, сол жемістерің тұрақты болсын деп тағайындадым. Сонда Менің атымнан не сұрасаңдар, Әкем соның бәрін де береді.
Жохан 15:16
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 9 қар.
Psalms 89:19
2025 ж. 8 қар.
1 Thessalonians 5:8
2025 ж. 7 қар.
Psalms 107:8
2025 ж. 6 қар.
Colossians 3:4
2025 ж. 5 қар.
Exodus 30:23
2025 ж. 4 қар.
1 Peter 1:6
2025 ж. 3 қар.
Hosea 14:9