2025 ж. 14 қараша, жұма

Күнделікті Жарық

2025 ж. 14 қар.

But I am poor and needy. May the Lord think about me. You are my help and my deliverer. Don’t delay, my God.

Psalms 40:17

Асыға гөр маған көмек беруге, Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.

Забур жырлары 37:23-24

Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш, Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш.

Нақыл сөздер 14:26

Жаратқан Ие таңдап алған халқына былай дейді: «Мен Өзім сені жұбатып, сүйенішің боламын. Қалай сен ажалды пендеден шошынып, адам баласынан қорқасың? Ол солып қалатын шөп секілді өткінші емес пе? Ал өзіңді жаратқан Мені, Жасаған Иені, ұмытып келесің! Мен әуел баста аспан кеңістігін жайып жіберіп, жердің негізін салғанда шексіз құдіретімді көрсеткен едім. Неліктен сен өзіңе зорлық-зомбылық жасаған жауыңның қаһарынан күн ұзағына үрейің ұшып қорқасың? Рас, ол сені қырып-жоймақшы болды. Ал қазір сол қанаушыңның қаһары қайда?!

Ишая 51:12-13

Адамдардан қорықпа. Мен саған жар болып, өзіңді аман сақтаймын. Мен, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. —

Еремия 1:8

Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.

Заңды қайталау 31:6

But I will sing of your strength. Yes, I will sing aloud of your loving kindness in the morning. For you have been my high tower, a refuge in the day of my distress.

Psalms 59:16

Теңіздің суларын Ол жинап, шек қойды, Түпсіз мұхитты «қоймаларына» құйды.

Забур жырлары 32:7

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер