Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді.
Марқа 2:5
Күнделікті Жарық
Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді.
Марқа 2:5
Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын.
Еремия 31:34
«Бұл Кісі неге солай деп Құдайды қорлап тұр? Жалғыз Құдайдан басқа кім күнәларды кешіре алады?» — деп ойланып қалды.
Марқа 2:7
Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!
Ишая 43:25
Әділдер, қуана мақтаңдар Жаратқанды, Адал жандардың мақтауы жарасымды. Жаратқанды домбырамен мадақтаңдар, Он ішекті жетігенмен күй тартыңдар,
Забур жырлары 32:1-2
«Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың.
Миха 7:18
Қайта, бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Ефестікт. хат 4:32
Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты.
Жохан 1:7-9
Құстар су жағасына ұя салады, Бұтақтар арасынан ән айтады.
Забур жырлары 103:12
Күнә сендерге билігін жүргізбеуі керек, себебі сендер енді Таурат заңына емес, Құдайдың рақымына бағынасыңдар.
Римдіктерге хат 6:14
Күнәнің үстемдігінен босағанда әділдіктің «құлы» болдыңдар.
Римдіктерге хат 6:18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2025 ж. 27 жел.
2 Corinthians 4:18
2025 ж. 26 жел.
1 Corinthians 15:58
2025 ж. 25 жел.
Titus 3:4
2025 ж. 24 жел.
Romans 8:13
2025 ж. 23 жел.
Isaiah 27:5
2025 ж. 22 жел.
1 Thessalonians 1:3
2025 ж. 21 жел.
Isaiah 60:20