Жүрегімді таза ұстап, күнәсіз жүрдім Деп тайсалмай айта алар еді кім?
Нақыл сөздер 20:9
Күнделікті Жарық
Жүрегімді таза ұстап, күнәсіз жүрдім Деп тайсалмай айта алар еді кім?
Нақыл сөздер 20:9
Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді, Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді, Ешкімді уытты тілмен өсектемейді, Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді, Жақынының арына дақ түсірмейді.
Забур жырлары 14:2-3
Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.
Римдіктерге хат 8:8
Менің бойымда, яғни ескі күнәкар болмысымда, жақсылық жоқ екенін білемін; сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ. Осылай мен қалаған игілікті емес, қаламайтын жамандықты жасаймын.
Римдіктерге хат 7:18-19
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді.
Ишая 64:6
Алайда Киелі жазбалар бүкіл адамзаттың күнәнің тұтқынында екенін мәлімдейді. Ондағы мақсат — Иса Мәсіхке сену арқылы табыс етілетін уәделі сыйдың (яғни күнәдан ақталудың) тек сенетіндерге ғана берілуі.
Ғалаттықт. хат 3:22
Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.
Қорынттықт. 1-хат 2
Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын.
Жохан 1:1-8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2026 ж. 14 ақп.
Matthew 3:15
2026 ж. 13 ақп.
Ezekiel 1:26
2026 ж. 12 ақп.
Malachi 3:17
2026 ж. 11 ақп.
Malachi 3:16
2026 ж. 10 ақп.
Luke 11:34
2026 ж. 9 ақп.
Luke 16:25
2026 ж. 8 ақп.
John 15:15