For they persecute him whom you have wounded. They tell of the sorrow of those whom you have hurt.
Psalms 69:26
Күнделікті Жарық
For they persecute him whom you have wounded. They tell of the sorrow of those whom you have hurt.
Psalms 69:26
Иса шәкірттеріне тағы былай деді: — Адамдарды теріс жолға азғыратын жағдайлардың болатыны сөзсіз. Алайда олар кімнің кесірінен пайда болса, сол қасіретке қалады!
Лұқа 17:1
Ал Иса Құдайдың еркімен және алдын ала білуімен құрбан етілді: сендер Оны Құдайға мойынсұнбаған шетелдіктердің қолымен айқышқа шегелетіп өлтірттіңдер!
Елшіл. істері 2:23
Сонда олар Исаның бетіне түкіріп, жұдырықтады. Кейбіреулері Оның жағынан тартып-тартып жіберіп: «Әй, Мәсіх, пайғамбар болсаң, Сені кім ұрды, бізге айтып берші!» — деп келекеледі.
Матай 26:67-68
Сол секілді басты діни қызметкерлер де дін мұғалімдерімен және рубасыларымен бірге Оны мазақтап: «Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмайды екен! Егер Ол Исраилдің Патшасы болса, Өзінің құдіретімен қазір-ақ айқыштан түссін! Сонда Оған сенеміз.
Матай 27:41-42
Рас, осы қалада Ирод пен Понти Пилат Өзіңе бағынбаған ұлттармен және Исраилдің руларымен бірігіп, Өзің Патша етіп тағайындаған қасиетті Қызметшің Исаға қарсы одақтасты. Алайда олардың іске асырғаны — Сенің құдіретті еркің алдын ала белгілеген жоспарың ғана.
Елшіл. істері 4:27-28
Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді. Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық!
Ишая 53:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2026 ж. 6 мам.
Psalms 85:10
2026 ж. 5 мам.
Matthew 6:31-32
2026 ж. 4 мам.
Isaiah 59:1
2026 ж. 3 мам.
Matthew 5:48
2026 ж. 2 мам.
Genesis 28:16
2026 ж. 1 мам.
Galatians 5:22
2026 ж. 30 сәу.
1 John 2:5