2026 ж. 5 мамыр, сейсенбі

Күнделікті Жарық

2026 ж. 5 мам.

Осындай істерімен халық өзін қорлады, Қасиетті Келісімге сатқындық жасады.

Забур жырлары 105:39

Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың, Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың, Топырақтан мал азығына шөп өсіресің, Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,

Забур жырлары 103:13-14

Амандық тілеңдер Иерусалим үшін: «Қаланы сүйетіндер өркендесін,

Забур жырлары 121:6

оны күндізгі қапырықтан тасалап, дауыл мен жауыннан да қорғайтын болады.

Ишая 4:6

Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.

Забур жырлары 121:5

Тума-туыс, дос-жарандарым үшін Қалаға аман-есендік тілеймін.

Забур жырлары 121:8

Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. Жаратқан Ие не күндіз бағана тәрізді бұлтты, не түнде жалындаған от бағанасын халықтың көз алдынан ажыратпай, әрдайым бірге жүргізді.

Мысырдан шығу 13:21-22

Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.

Еврейлерге хат 13:8

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер