Маған тапсырған ісіңді аяқтап, жерде Сенің ұлылығыңды көрсеттім.
Жохан 17:4
Күнделікті Жарық
Маған тапсырған ісіңді аяқтап, жерде Сенің ұлылығыңды көрсеттім.
Жохан 17:4
Иса оларға астарлап былай деді: — Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған «нәр» болады.
Жохан 4:34
Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды.
Жохан 9:4
Иса: — Мені неге іздедіңіздер? Менің Әкемнің ісімен шұғылдануым қажет, әлде мұны білмедіңіздер ме? — деп жауап берді. Бірақ әке-шешесі Оның айтқан сөздерін түсінбеді.
Лұқа 2:49-50
Иса мұны естігенде: «Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, Құдайды ұлылыққа бөлеуге септігін тигізеді: ол арқылы Құдайдың рухани Ұлының құдіретті ұлылығы көрінеді», — деді.
Жохан 11:4
— Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса.
Жохан 11:40
Ал Исаның ойы да, бойы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта түсті.
Лұқа 2:52
көгершін бейнесіндегі Киелі Рух Оның үстіне қонды. Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толық ризамын!» — деген дауыс шықты.
Лұқа 3:22
Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді: «Сен лайықсың кітапты қолыңа алуға Және мөрлерін бұзып, оны ашуға! Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің, Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтан Шыққандардың төлемін өтеп босаттың, Һәм Құдайға оларды бағыштадың, Әрі Құдайымызға арнап соларды Жасадың діни қызметкерлер патшалығы; Олар жер бетін билейтін болады».
Аян 5:9-10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2026 ж. 3 мам.
Matthew 5:48
2026 ж. 2 мам.
Genesis 28:16
2026 ж. 1 мам.
Galatians 5:22
2026 ж. 30 сәу.
1 John 2:5
2026 ж. 29 сәу.
1 Samuel 12:24
2026 ж. 28 сәу.
John 1:29
2026 ж. 27 сәу.
1 Corinthians 7:29