Сонда Иса оған: — Мәриям! — деп үн қатты. Мәриям Исаға бұрылып: — Раббуни! — деді. Бұл сөз «Ұстаз!» деп аударылады.
Жохан 20:16
Күнделікті Жарық
Сонда Иса оған: — Мәриям! — деп үн қатты. Мәриям Исаға бұрылып: — Раббуни! — деді. Бұл сөз «Ұстаз!» деп аударылады.
Жохан 20:16
Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің!
Ишая 43:1
Қарауыл оған есік ашып, қойлар оның даусын естіп таниды. Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады. Шығарған соң олардың алдында жүріп отырады, ал қойлары соңынан ереді, өйткені олар оның даусын таниды.
Жохан 10:3-4
Есіміңді алақаныма ойып жазып алдым, қамалдарың әрдайым көз алдымда!
Ишая 49:16
However God’s firm foundation stands, having this seal, “The Lord knows those who are his,” and, “Let every one who names the name of the Lord depart from unrighteousness.”
2 Timothy 2:19
Сонымен сенімімізді берік ұстанып, оны тапжылмастан мойындайық. Көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз — Құдайдың рухани Ұлы Иса бар.
Еврейлерге хат 4:14
Екі оникс тасын алып, олардың бетіне Исраилдің он екі ұлының аттарын
Мысырдан шығу 28:9
сырт киімнің иық жапсырмаларына бекіттір. Сол екі тас — Исраилдің үрім-бұтағының естелігі: Һарон өзінің діни қызметін атқарғанда, Жаратқан Иенің (оларды рақым етіп таңдап алғанын) есіне салып отыру үшін рулардың аттарын ұдайы екі иығында алып жүретін болсын.
Мысырдан шығу 28:12
Құдайдың еркін білуге көмекші құрал болатын кеуде қалта жасалсын. Ол да жеңсіз сырт киім сияқты алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын.
Мысырдан шығу 28:15
Оған асыл тастар төрт қатарға тізіле қадалсын: бірінші қатарға рубин, топаз, изумруд,
Мысырдан шығу 28:17
Асыл тастардың саны он екі болсын, Исраилдің әрбір ұлы үшін бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылсын.
Мысырдан шығу 28:21
Кеуде қалтаға «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелерді салып қой. Һарон Жаратқан Иенің алдына барған сайын олар да Һаронның жүрек тұсында болмақ. Сонда Һарон Исраилдің үрім-бұтағына Жаратқан Иенің шешімдерін білдіретін сол құралдарды әрқашан жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында алып жүретін болады.
Мысырдан шығу 28:30
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2026 ж. 19 мам.
Psalms 51:2
2026 ж. 18 мам.
John 5:26
2026 ж. 17 мам.
Ezekiel 20:19
2026 ж. 16 мам.
Romans 1:1
2026 ж. 15 мам.
Revelation 21:4
2026 ж. 14 мам.
Philippians 3:10
2026 ж. 13 мам.
1 Timothy 2:8