2026 ж. 1 маусым, дүйсенбі

Күнделікті Жарық

2026 ж. 1 мау.

Ол былай деген: «Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни «Құдай бізбен бірге», деген ат қояды».

Матай 1:23

(Алғашқыда Жақып деп аталған) Исраилдің ұлдары: Рубен, Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Забулон, Дан, Жүсіп, Бунямин, Нафталим, Ғад, Ашир. Яһуданың ұлдары: Ер, Онан, Шелах. Осы үш ұлы Шуа есімді қанахандық адамның қызынан туған. Яһуданың тұңғыш ұлы Ердің мінез-құлқы Жаратқан Иеге жек көрінішті болғандықтан, Жаратқан Ие оның өмірін қысқа қылды. Кейін Яһуданың келіні Тамар оған Парес пен Зарахты туды. Яһуданың барлығы бес ұлы болды. Парестің ұлдары: Хесрон мен Хамул. Зарахтың ұлдары: Зімри, Етан, Хеман, Халқол, Дара, барлығы бесеу. (Зарахтың шөбересі) Қарми ұлы Ахан Жаратқан Иеге бағышталған, жойылуға тиісті заттан алып, Исраилдің басына пәле келтірді. Етанның ұлы: Азариях. Хесронның ұлдары: Ерахмел, Рам, Халеп. Рамнан Әминадап, Әминадаптан Яһуданың рубасы Нағасон, Нағасоннан Салмон, Салмоннан Боғоз, Боғоздан Ғабит, Ғабиттен Есей туды. Есейдің ұлдары: тұңғышы Елияп, екіншісі Абинадап, үшіншісі Шаммах, төртіншісі Нетанел, бесіншісі Раддай, алтыншысы Осем, ал жетіншісі Дәуіт (патша) еді. Есейдің қыздары: Сарұя, Әбигел. Сарұяның үш ұлы: Әбішай, Жоғаб, Асахил. Әбигел ысмағұлдық Етерге күйеуге шығып, Амасаны туды. Хесрон ұлы Халеп әйелі Азубадан мына ұлдарын сүйді: Ешер, Шобаб және Ардон. Халеп Ериоттан да бала сүйген. Азуба қайтыс болғанда, Халеп Ефратаға үйленді, ол Халепке Һұрды туды. Һұрдан Ұри, ал Ұридан Беселиел тарады. Кейінірек Хесрон жасы алпысқа толғанда, Ғилақадтың әкесі Махырдың қызына үйленіп, одан Сегуб есімді ұлын сүйді. Ғилақадтағы жиырма үш елді мекенді иемденген Жайыр сол Сегубтің ұлы болатын. Ал кейін Гешур мен Арама патшалықтары Жайырдың қоныстарын және Кенат қаласын айналасындағы елді мекендерімен бірге жаулап алды. Сол елді мекендердің жалпы саны алпыс болған. Бұларда қоныстанғандардың барлығы Ғилақадтың әкесі Махырдан тарады. Хесрон Халеп-Ефратада қайтыс болғаннан азғана уақыт өткенде, әйелі Абия оның ұлы Ашхұрды туды. Ашхұр Текояның әкесі болды. Хесронның тұңғыш ұлы Ерахмелдің ұлдары: тұңғышы Рам, ал кейінгілері Буна, Орен, Осем, Ахиях еді. Ерахмелдің Атара деген тағы бір әйелі болды, ол Онамды туды. Ерахмелдің тұңғыш ұлы Рамның ұлдары: Мағас, Ямин, Екер. Онамның ұлдары: Шаммай мен Ядақ. Шаммайдың ұлдары: Надаб, Абишур. Абишурдың әйелінің аты Әбихаил, ол оған Ахбан мен Молидті туды. Надабтың ұлдары: Селед, Афаим. Селед соңынан бала қалдырмай қайтыс болды. Ал інісі Афаимнан Иши, одан Шешан, одан Ахлай тарады. Шаммайдың інісі Ядақтың ұлдары: Етер, Жонатан. Етер соңынан бала қалдырмай қайтыс болды. Жонатанның ұлдары: Пелет, Заза. Осылардың барлығы Ерахмелден тараған ұрпақтар. Шешанның ұлдары болмай, тек қыздары болды. Шешан Жарқа деген мысырлық қызметшісіне бір қызын қосып, ол Аттайды туды. Аттайдан өрбіген ұрпақтар: Аттайдан Натан, одан Зауад, одан Ефлал, одан Ғабит, одан Еһу, одан Азариях, одан Хелес, одан Елеаса, одан Сисмай, одан Шаллум, одан Екамиях, одан Әлишама. Ерахмелдің інісі Халептің ұлдары: тұңғышы Меса, соның ұлы Зиф, ал екінші ұлы Мареша еді, ол Хебронның әкесі болды. Хебронның ұлдары: Қорах, Таппуах, Рекем, Шема. Шемадан өрбіген ұрпақтар: Шемадан Рахам, одан Жорқиям, одан Шаммай, одан Мағон, одан Бет-Сұр. Халептің Ефа есімді кәнизагы Харан, Моса, Ғазезді туды. Харанның ұлының есімі де Ғазез еді. Яхдайдың ұлдары: Регем, Жотам, Гешан, Пелет, Ефа, Шағаф. Халептің Маха есімді кәнизагы Шебер мен Тирханахты туды. Мадманахтың әкесі Шағафты және Махбенах пен Гибеяның әкелері Шеуаны туған да сол Маха болатын. Халептің бір қызының есімі Ахса еді. Осылардың барлығы Халептің үрім-бұтағы. Ефратаның тұңғышы Һұрдың ұлдары: Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобал, Бетлехемнің басқарушысы Салмон, Бетгәдердің басқарушысы Хареф. Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобалдың ұрпақтары: Хароге, Манахат тұрғындарының жартысы әрі Кирият-Иғарымды мекендеген Итір, Пұт, Шумат, Мишра атты әулеттер. Бұлардан Сора мен Ештағолдың тұрғындары тарады. Салмонның ұрпақтары: Бетлехем, Нетопат және Атырот-Бет-Жоғабтың тұрғындары, Манахат тұрғындарының қалған жартысы және Сораның тұрғындары. Ябесте тұрып жатқан хатшылар: Тират, Шимеят, Суха атты әулеттер. Бұлар Рехап әулетінің басшысы Хаматтан тараған кендіктер.

Шежірелер 1-ж. 2

Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді.

Жохан 1:14

Without controversy, the mystery of godliness is great: God was revealed in the flesh, justified in the spirit, seen by angels, preached among the nations, believed on in the world, and received up in glory.

1 Timothy 3:16

Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады.

Еврейлерге хат 1:2

Сол жексенбі күнінің кешінде Исаның шәкірттері жиналып, яһуди басшыларынан қорыққаннан есіктерді бекітіп алған еді. Кенеттен кіріп келген Иса орталарына тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді. Осыны айтқаннан кейін Иса оларға екі қолы мен бүйірін көрсетті. Шәкірттері Иелері Мәсіхті көріп қатты қуанды.

Жохан 20:19-20

Бір аптадан кейін Исаның шәкірттері тағы сол үйге жиналды, олармен бірге Тома да болды. Есік бекітілген еді, бірақ Иса кіріп келіп, орталарына тұра қалды да: — Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. Содан кейін Томаға: — Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара, алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз болмай, сенетін бол! — деді. Тома Оған: — Ием менің, Құдайым менің! — деп мойынсұнды.

Жохан 20:26-28

Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын Әмірші» Деп те аталатын болады.

Ишая 9:6

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер