2026 ж. 27 тамыз, бейсенбі

Күнделікті Жарық

2026 ж. 27 там.

Кеме бастығы оған келіп: «Әй, сен неғып ұйықтап жатырсың?! Тұрып, Тәңіріңе жалбарына сиын! Мүмкін, Тәңірің бізді ойына алып, ажалдан сақтап қалар», — деп бұйырды.

Жүніс 1:6

Тұрыңдар! Кетіңдер! Бұл елде бұдан былай аман-есен тұра алмайсыңдар. Өйткені жер арамдалып, енді қайтып қалпына келмейтіндей құртылды».

Миха 2:10

Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар!

Қолостықт. хат 3:2

Ал көзімді құртпақшы арамзалар Тозақтың түбіне түсетін болар,

Забур жырлары 62:10

Адам (ата), Сет, Енос, Қайнан, Мақалалел, Иәрет, Енох, Мәтусал, Ләмех, Нұх. Нұхтың ұлдары: Шам, Хам, Япші. Япшіден Гомер, Магог, Мадай, Яуан, Тұбал, Мешех, Тирас тарады. Гомерден Ашкеназ, Рифат, Тоғарма тарады. Яуанның ұлдары: Елиша, Тарсис, Кіттим, Доданим тарады. Хамның ұрпақтары: Құш, Мысыр, Пұт, Қанахан. Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабтах, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба, Дедан. Құштан Нымрод та тарады. Ол жер бетіндегі күшті әміршіге айналды. Мысырдан луд, анам, лехап, нафтух, патрус, қаслух, қаптор атты халықтар тарады. Осылардан філістірлер шықты. Қанаханның тұңғыш ұлы Сидон еді. Содан кейін Қанаханнан хеттік, ебустік, аморлық, гергестік, хевтік, арқалық, синдік, аруадтық, семарлық, хаматтық атты халықтар да тарады. Шамнан Елам, Ассур, Арпақсат, Луд, Арама тарады. Арамадан Ус, Хұл, Гетер, Мешех, Арпақсаттан Шелах, ал Шелахтан Ебер тарады. Еберден екі ұл туды. Тұңғышының есімі Пелек («Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді. Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді. Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хасармаует, Жерах, Хадорам, Узал, Диқла, Обал, Әбімаил, Сәба, Опыр, Хауила және Жобаб тарады. Бұлардың бәрі Жоқтанның ұрпақтары. (Мынау Ыбырайым пайғамбардың ата-тегі:) Шам, Арпақсат, Шелах, Ебер, Пелек, Рәгу, Серук, Нахор, Тарах, Ыбырам. Ол кейін Ыбырайым деп аталды. Ыбырайымның ұлдары: Ысқақ, Ысмағұл. (Ажардан туған) Ысмағұлдың үрім-бұтағының тарихы мынау: тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам, Мишма, Дума, Масса, Хадад, Тема, Етур, Нафиш, Кедмах туды. Бұлардың бәрі Ысмағұлдан тарады. Ыбырайымның кәнизагы Кетурадан көрген ұлдары: Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян, Ишбақ, Шуах. Жоқшанның ұлдары: Сәба, Дедан. Мадиянның ұлдары: Ефа, Ефер, Ханох, Абида, Елдаға. Бұлардың барлығы да Ыбырайымның Кетурадан көрген ұрпақтары болатын. Ыбырайымның Сарадан көрген ұлы — Ысқақ. Ысқақтың ұлдары: Есау, Исраил (Жақып). Есаудың (Едомның) ұлдары: Елипаз, Рәгуел, Егуш, Яғлом, Қорах. Елипаздың ұлдары: Теман, Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ. Елипаз Тимнадан Амалек есімді ұл көрді. Рәгуелдің ұлдары: Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Сейірдің ұлдары: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах, Дишон, Езер, Дишан. Лотанның ұлдары: Хори, Хемам. Тимна Лотанның қарындасы болатын. Шобалдың ұлдары: Албан, Манахат, Ебал, Шебо, Онам. Сибеонның ұлдары: Аях, Анах. Анахтың ұлы: Дишон. Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешбан, Итран, Керан. Езердің ұлдары: Билхан, Зағауан, Яқан. Дишанның ұлдары: Ус, Аран. Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда Едом елінде билік құрған патшалардың аты-жөндері мыналар: Беғор ұлы Бела, оның тұрған қаласының аты Дінхаба еді. Бела қайтыс болды, оның орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патшалық құрды. Жобаб қайтыс болды, оның орнына темандықтардың елінен келген Хушам патшалық құрды. Хушам қайтыс болды, оның орнына Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол мадияндықтарды Моаб жерінде жеңіп шықты. Хададтың тұрған қаласының аты Ауит болатын. Хадад қайтыс болды, оның орнына Масректен келген Самла патшалық құрды. Самла қайтыс болды, оның орнына Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патшалық құрды. Саул қайтыс болды, оның орнына Ахбор ұлы Бағал-Ханан патшалық құрды. Бағал-Ханан қайтыс болды, оның орнына Хадад патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау еді. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб болатын. Кейін Хадад та қайтыс болды. Едомның рубасылары: Тимна, Алуа, Етет, Охолибама, Ела, Пинон, Кеназ, Теман, Мипсар, Магдиел, Ирам. Едом халқының рубасылары осылар еді.

Шежірелер 1-ж. 1

Яһуда (Исаның қасынан) кетіп, басты діни қызметкерлермен және ғибадатхананың бас сақшыларымен кездесіп, Исаны оларға қалай ұстап беру туралы ақылдасты.

Лұқа 22:4

Алайда өздеріңе сақ болыңдар: той-думан жасап, мас болып немесе күнделікті тұрмысты уайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді.

Лұқа 21:34

Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады.

Матай 25:5

Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.

Еврейлерге хат 10:37

Осыны іске асырыңдар, себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр.

Римдіктерге хат 13:11

Сондықтан сергек болыңдар! Үй иесінің қашан келетінін: кешке ме, түн ортасында ма, әтеш шақырған кезде ме, әлде таң ата ма, қызметшілері білмейді. (Сондай-ақ, сендер де Менің қашан қайтып келетінімді білмейсіңдер.) Кенеттен келе қалған кезімде рухани ұйықтап жатпаңдар!

Марқа 13:35-36

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

Kieli Kitap © Orta Asia Baspasy, 1993, 1996, 2000, 2010, 2025

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

Соңғы күндер