— Соңы немен бітерін білгенше тоса тұр, қызым. Бұл кісі бүгін осы істі аяқтамай тыным таппайды, — деп түйді.
Рут 3:18
Күнделікті нұр
— Соңы немен бітерін білгенше тоса тұр, қызым. Бұл кісі бүгін осы істі аяқтамай тыным таппайды, — деп түйді.
Рут 3:18
Ахазға мына хабарымды жеткіз: Абай болып, тыныштық сақта! Ана бықсып, шала жанған екі отындық ағашқа ұқсайтын жауларыңнан қорықпа! Ресин мен Араманың және сол бір Ремалиях ұлының лаулаған қаһарынан зәрең ұшпасын!»
Ишая 7:4
Басқа ұлттардың басшылары жиналар, Ыбырайым сиынған Құдайдың халқына қосылар, Өйткені Құдайдікі жер бетінің патшалары, Оның дәрежесі бәрінікінен де жоғары!
Забур жырлары 46:10
— Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса.
Жохан 11:40
Сол күні адамның өркөкіректігі басылып, пенденің менмендігіне шек қойылып, жалғыз Жаратқан Иенің ғана мерейі үстем болады!
Ишая 2:17
Мартаның Мәриям деген сіңлісі бар еді. Ол Иеміз Исаның аяқ жағына отырып алып, сөзін құлақ салып тыңдады.
Лұқа 10:39
Ал керегі бір-ақ нәрсе ғой: Мәриям игілікті жағын таңдап алды, оны содан ешкім айыра алмайды, — деді.
Лұқа 10:42
Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: — Теріс жолдарыңнан қайтып, тынышталыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Уайымға салынбай Маған сенім артыңдар, Мен сендерді күшті қыламын. Алайда солай істегілерің келмеді.
Ишая 30:15
Біліңдер: Жаратқан әділді таңдады, Жалбарынсам, Ием құлақ асады.
Забур жырлары 4:4
Иіліп кеттім тұла бойым бүгіліп, Күні бойы жүремін қайғы шегіп.
Забур жырлары 37:7
Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар, Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар. Оларды әміршілермен бірге отырғызар, Халқының көсемдерімен жайғастырар.
Забур жырлары 112:7–8
Сондықтан Жаратушы Тәңір Иенің айтқаны мынау: «Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым, Оны Сиондағы үйімнің бұрышының Іргетасы ретінде орнатып қоямын. Енді Оған сенімін артқан ешкім Ұятқа қалмайтын болады лайым.
Ишая 28:16
Иса оған: — Не істеп тұрғанымды сен қазір емес, кейінірек түсінесің, — деді.
Жохан 13:7
Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін түрлі сынақтардан өткізді.
Заңды қайталау 8:2
Мен кейінірек қасыңнан өтіп бара жатқанымда, сені байқап, махаббатқа дайын екеніңді көрдім. Жамылғымның шетін үстіңе жауып, жалаңаш денеңді қымтап, мұныммен өзіңе үйленуге уәде бердім. Яғни саған ант беріп сенімен Келісім жасадым. Осылай сен Мендік болдың, — дейді Жаратушы Тәңір Ие.
Езекиел 16:8
Иеміз Өзі сүйетін әркімді Түзетеді әрі тәрбиелейді, Бауырына басқан әр баласын да Жазалайды қажет болғанда».
Еврейлерге хат 12:6
Қымбатты бауырластарым, өздеріңнің «от кешіп» ауыр азап шегіп, сыналғандарыңды оғаш нәрсе деп ойламаңдар. Қайта, неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар.
Петірдің 1-хаты 4:12–13
Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді! Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.
Қорынттықт. 2-хат 4:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 3 қыр.
2013 ж. 2 қыр.
2013 ж. 1 қыр.
2013 ж. 31 там.
2013 ж. 30 там.
2013 ж. 29 там.
2013 ж. 28 там.
Жұбаныш
Құдай Сөзінің қалай жұбаныш беретін таяқ ретінде қызмет ететінін, өмірдің қиындықтары арқылы бағыт пен күш…
Қайғы
Өмірдегі қиыншылықтарды Құдайға жүгіну, қолдау іздеу және Оның жоспарына сену арқылы қалай жеңуге болатынын…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…
Иса Мәсіх
Иса есімінің терең мағынасы мен күшін, оның Ескі Өсиеттегі алдын ала көрсетілуінен бастап, даңқтағы мәңгілік…
Мойынсұну
1 Қорынттықтарға 11-ге негізделген христиан әйелдері үшін бас жабындылары туралы библиялық ілімді зерттеу…
Шәкірттік
Лұқаның ізгі хабарындағы Исаның аяғындағы үш кездесуді зерттеңіз, сүйіспеншілік, адалдық және алғыс біздің…