Көптеген мүшелері болса да адамның денесі біреу, әрі мүшелері қаншама көп болғанмен тұтас бір денені құрайды: Мәсіхтің рухани денесімен де дәл солай.
Қорынттықт. 1-хат 12:12
Күнделікті нұр
Көптеген мүшелері болса да адамның денесі біреу, әрі мүшелері қаншама көп болғанмен тұтас бір денені құрайды: Мәсіхтің рухани денесімен де дәл солай.
Қорынттықт. 1-хат 12:12
Мәсіх — сенушілер қауымының, яғни Өзінің рухани денесінің, Басы әрі оның өмірінің Бастауы. Ол — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы да. Сондықтан барлық жағынан да Оның жолы үлкен.
Қолостықт. хат 1:18
Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.
Ефестікт. хат 1:22–23
Біздер Оның рухани денесінің мүшелеріміз.
Ефестікт. хат 5:30
Сол себепті Мәсіх бұл дүниеге келгенде, Өзін құрбандыққа қиятыны туралы (Құдай Әкеге) мынадай сөздер айтқан: Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, Бірақ Маған тәндік денемді дайындадың.
Еврейлерге хат 10:5
Сені Маған күнәкар дүниенің ішінен айырып берген адамдарға Өзіңді таныттым. Олар Сенікі еді, Сен Маған оларды бердің. Олар Сенің сөзіңді берік ұстанып келеді.
Жохан 17:6
Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді.
Ефестікт. хат 1:4
Құдай алдын ала білетін біздерді Өзінің рухани Ұлының үлгісіне ұқсасын, осылайша рухани Ұлы көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті аса қадірлі болсын деп бұрыннан белгілеп қойған еді.
Римдіктерге хат 8:29
Қайта, бір-бірімізге шындықты сүйіспеншілікпен айтамыз және қауымның Басы — Иса Мәсіхпен тығыз байланысымызда жан-жақты өсіп жетілеміз. Сонда мүшелері үйлесіп, бірігіп жұмыс істеп тұрған бұл біртұтас рухани дене түгелдей өзінің Басы — Мәсіхке бағынады. Әрбір мүшесі өз міндетін атқарса, бүкіл дене өсіп, сүйіспеншілік арқылы күшейе береді.
Ефестікт. хат 4:15–16
Себебі Менің халқым екі түрлі зұлымдық жасады: олар Мені, «тірі судың қайнар көзін», тастап кетті және өздеріне арнап «құдықтар» қазып алды. Сол «құдықтарының» жырық тесіктері болғандықтан, оларда су сақталмайды.
Еремия 2:13
Шыдамды бол Жаратқанның алдында, Шешімін күт сабырмен, еш асықпа! Арам жоспарын іске асырған жанға, Табысқа жеткен зұлымға ашуланба! Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды, Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды. Зұлымдық жасаушылар жойылып кетер, Иемізге сенушілер елді иемденер.
Забур жырлары 36:7–9
Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, былай деймін: Біліп қойыңдар, Маған қызмет ететіндер тойына ішіп-жеп, ал сендер, зұлымдар, ашығып, шөлдейтін боласыңдар! Қызметшілерім шаттанғанда сендер ұятқа қаласыңдар!
Ишая 65:13
Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады. —
Жохан 4:14
Иса бұларды Киелі Рух туралы айтты; Оны Исаға сенгендер кейінірек қабылдады. Құдай Исаның ұлылығын адамдарға әлі білдірмегендіктен, Өзінің Киелі Рухын сенушілерге әлі де қондырмаған еді.
Жохан 7:39
«Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар!
Ишая 55:1
Киелі Рух пен Қалыңдық: «Келе гөр!» — деп шақырады. Мұны естіген әркім де «Келе гөр!» десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!
Аян 22:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 4 қыр.
2013 ж. 3 қыр.
2013 ж. 2 қыр.
2013 ж. 1 қыр.
2013 ж. 31 там.
2013 ж. 30 там.
2013 ж. 29 там.

Теология
Құдайдың табиғаты, Иса Мәсіхтің тұлғасы мен ісі, Киелі Рух, күнәні өтеу және болашақ сот туралы іргелі…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…
Қайғы
Өмірдегі қиыншылықтарды Құдайға жүгіну, қолдау іздеу және Оның жоспарына сену арқылы қалай жеңуге болатынын…
Сенім
Біз көбінесе Құдайды күтсек те, Ол да біздің сеніммен әрекет етуімізді күтеді. Мойынсұнумен алға жылжудың…
Иса Мәсіх
Иса есімінің терең мағынасы мен күшін, оның Ескі Өсиеттегі алдын ала көрсетілуінен бастап, даңқтағы мәңгілік…

Шәкірттік
Мәсіхшілер Рухтың күші арқылы Мәсіхтің ізімен жүруге шақырылады. Сенушілердің даңқтан даңққа Оның бейнесіне…