Әрдайым үміттеніп қуаныңдар, қиыншылыққа шыдап, Құдайға ұдайы сиыныңдар.
Римдіктерге хат 12:12
Күнделікті нұр
Әрдайым үміттеніп қуаныңдар, қиыншылыққа шыдап, Құдайға ұдайы сиыныңдар.
Римдіктерге хат 12:12
Ал осы сенімдерің мен сүйіспеншіліктерің өздеріңе көкте дайындалған игіліктерді иемденеміз деген үміттеріңе негізделген. Бұл туралы сендер алдымен Құдайдың шынайы хабары — Ізгі хабар өздеріңе жеткенде естідіңдер.
Қолостықт. хат 1:5
Егер де Мәсіхке тек бұ дүниедегі өмір үшін ғана үміт артсақ, онда біз барлық адамдардың ішіндегі ең байғұс-бейшаралары болар едік.
Қорынттықт. 1-хат 15:19
Олар барлық жерлерде Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің жан дүниелерін нығайтып: «Сенімдеріңе адал болыңдар! Болашақтағы Құдай Патшалығының заманына жеткенше біз әлі де талай азап шегуге тиіспіз», — деп ескертті.
Елшіл. істері 14:22
Кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
Лұқа 14:27
Азап шегу маңдайымызға жазылғандығы өздеріңе мәлім.
Салониқал. 1-хат 3:3
Әрдайым Иемізбен байланыстарыңа қуаныңдар! Тағы да айтамын: қуаныңдар!
Філіпілікт. хат 4:4
Үмітіміздің бастауы — Құдай қандай жағдайда да бәріңді қуаныш пен тыныштыққа кенелте көрсін! Өздерің Оған сене отырып, Киелі Рухтың құдіретімен үміттерің молая түссін!
Римдіктерге хат 15:13
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізге зор мейірім көрсетіп, рухани қайта туғызып жаңа өмір сыйлады және Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілтуімен бізді тірі үмітке кенелтті.
Петірдің 1-хаты 1:3
Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар.
Петірдің 1-хаты 1:8
Құдайдың осы рақымына бізге Иса Мәсіхтің арқасында, сенім арқылы жол ашылды. Енді Құдайдың рақымына бөленіп, салтанатты ұлылығын көреміз деген үмітімізге қатты шаттанамыз!
Римдіктерге хат 5:2
Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —
Еремия 29:11
Жаратқан Ие: «Менің ойым сендердің пікірлеріңнен өзге, Менің жолым сендердікінен басқа, — деп ескертеді. — Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік.
Ишая 55:8–9
Уа, Ием, ережелерің шынымен сенімді, Сенің үйің мәңгілік киелі де қасиетті.
Забур жырлары 92:5
Иеме былай деп мінажат еттім: «Рақымды бола гөр, уа, Жаратқан Ием, Саған қарсы күнә жасаған едім, Сауықтыра гөр жан дүниемді менің!»
Забур жырлары 40:5
Бауырластар, Құдай сендерді шақырғанда өздеріңнің кім болғандарыңа назар аударыңдаршы: табиғи тұрғыдан қарағанда араларыңда даналар, билік иелері, асыл туғандар көп емес еді.
Қорынттықт. 1-хат 1:26
Сүйікті бауырластарым, ден қойып тыңдаңдаршы! Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой.
Жақыптың хаты 2:5
Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз. Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз. Ештеңеміз жоқ болғанмен, бәріне де иеміз.
Қорынттықт. 2-хат 6:10
Оның адамдарының ең лайықсызы болсам да, Құдайдың рақымымен Мәсіхтің шексіз зор рухани байлығы туралы басқа халықтарға уағыздау үлесіме тиді:
Ефестікт. хат 3:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 6 қыр.
2013 ж. 5 қыр.
2013 ж. 4 қыр.
2013 ж. 3 қыр.
2013 ж. 2 қыр.
2013 ж. 1 қыр.
2013 ж. 31 там.

Құдайдың Егемендігі
Даниял кітабындағы Навуходоносор, Белшазар және Дарий туралы оқиғалар Құдайдың құтқару, сот және қалпына…
Дінге келу
Дүниелік ізденістердің бос екенін және мәңгіліктің сөзсіз екенін түсінгеннен кейін Мәсіхте тыныштық пен…

Құдайдың адалдығы
Жақыптың өмірінен айлакерлік, сенім, мойынсұну және Құдайдың өзгермейтін рақымы мен адалдығы туралы тоғыз…

Нұх
Нұхтың сенімі, әділдігі және мойынсұнуы бүгінгі күні ұқсас зұлымдық пен рухани қиындықтарға тап болған…

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…

Құдайдың Егемендігі
Исраилдің 70 жылдық Бабыл тұтқындығын, Құдайдың тәртіптік мақсатын және оның қалпына келтіру уәдесін…