Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер!
Ғалаттықт. хат 5:13
Күнделікті нұр
Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер!
Ғалаттықт. хат 5:13
Бауырластар, араларыңдағы біреу күнә жасап қойса, сендер оны Киелі Рухтың жетелеуімен ілтипаттылық танытып түзу жолға қайтаруға ұмтылыңдар. Ал өздерің де азғырылудан сақ болыңдар! Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер! Сөйтіп Мәсіхтің өсиетін орындайсыңдар.
Ғалаттықт. хат 6:1–2
Бауырластарым, қайсыбіреуің ақиқат жолынан тайса, басқа біреуің оны кері қайтарсын! Естеріңде болсын: кім күнәкарды теріс жолдан қайтарса, сол оның жанын рухани өлімнен құтқарып, көптеген күнәларының кешірілуіне себепші болады.
Жақыптың хаты 5:19–20
Шынайы хабарға мойынсұнып, күнәдан тазарған сендер бауырластарыңа деген нағыз сүйіспеншілікке кенелдіңдер. Енді бір-біріңді үздіксіз, шын жүректен сүйіңдер!
Петірдің 1-хаты 1:22
Қарыздарыңды уақтылы өтеп қайтарыңдар, әсіресе, бір-біріңді сүю парызын өтеп тұрыңдар. Адамның басқаларды сүюі Құдайдың заңын да орындағаны.
Римдіктерге хат 13:8
Бір-біріңді бауырлардай сүйіп, өз бастарыңнан артық сыйлаңдар.
Римдіктерге хат 12:10
Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
Петірдің 1-хаты 5:5
Сенімі берік біздер күмәнданғандардың Таурат заңына сәйкес іс-әрекеттеріне төзіп, оларға көмектесуге тиіспіз. Тек өзімізге ұнайтынды ғана емес,
Римдіктерге хат 15:1
Себебі сол уақыт келгенде топырақтан жаратылған денеміз топыраққа қайта айналып, жанымыз өзін сыйлаған Құдайға кері қайтады.
Уағыздаушы 12:7
Өлгендердің қайта тірілуі де осындай болады: топыраққа көмілген дене шіріп кетеді, ал қайта тірілгені мәңгі шірімейді. Жерленіп, дене қор болады, ал кейін салтанатпен тіріледі. Әлсіз тән жерленеді, күшті болып қайта тіріледі. Жерленгені — табиғи, тәндік дене болса, тірілгені — табиғаттан тыс, «рухани» дене. Тәндік дененің бар екендігі сияқты, «рухани» дене де болуға тиіс.
Қорынттықт. 1-хат 15:42–44
Топырақтан жаратылған алғашқы адам бұ дүниеден, ал «Екінші Адам» (Мәсіх) көктен келді.
Қорынттықт. 1-хат 15:47
Өзің жаратылған жердің қойнына қайтып кіргенше, жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп жүріп табатын боласың. Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың!»
Жаратылыстың баст. 3:19
Біреу мол дәулетке кенеліп бейқам өмір сүреді.
Әйүп 21:23
Ал басқа біреу болса, еш игілік көрместен, бұ дүниеден көңілі қалып өтеді. Ақырында солардың екеуі де жер қойнына еніп, екеуі де құртқа жем болады.
Әйүп 21:25–26
Бас салған зұлымдардан мені қорғай гөр, Қоршаған жан алғыштардан сақтай гөр.
Забур жырлары 16:9
Денемнің күллі терісі шіріп, құрып кетсе де, соңында мен денемде Құдайды көретін боламын!
Әйүп 19:26
Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.
Філіпілікт. хат 3:20–21
Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды, Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды. Мұны көрген көпшілік Жаратқанды Қастерлеп, Оған сенімін артады.
Забур жырлары 39:4
Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін Қолдарына көтеріп сені алып жүреді.
Забур жырлары 90:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 7 жел.
2013 ж. 6 жел.
2013 ж. 5 жел.
2013 ж. 4 жел.
2013 ж. 3 жел.
2013 ж. 2 жел.
2013 ж. 1 жел.

Дұға
Жоқтау забурлары сенушілерге Құдайға адал шағымдар мен сұрақтарды жеткізуді үйретеді. Киелі кітаптағы…

Шіркеу
Шынайылық пен қызметшілік көшбасшылықтан шағын топтарға және Мәсіхке толық берілгендікке дейінгі киелі…

Ақталу
Ақталу нені білдіретінін біліңіз: Құдай сенушілерді Иса Мәсіхке деген сенім арқылы әділ деп жариялайды. Бұл…
Жігерлендіру
Сенушілер қиын уақытта жігерлендіруді қайдан табады? Шынайы жігерлендіру Құдайдан, Жазбалардан, Інжілден және…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Басқарушылық
Христиандық садақа берудің рухани себептері мен пайдаларын зерттеңіз, оның Құдайды қалай даңқтайтынын…