Міне, бұл — ақымақтың жүрер жолдары, Сөздерін қолдайды ізбасарлары.
Забур жырлары 48:14
Күнделікті нұр
Міне, бұл — ақымақтың жүрер жолдары, Сөздерін қолдайды ізбасарлары.
Забур жырлары 48:14
Уа, Жаратқан Ие, менің Құдайымсың Сен! Құрметтеп Сені атыңды мақтаймын мен. Сондай керемет істерді жасадың, Өзің көп бұрын оларды жоспарладың, Шынайы адалдықпен жүзеге асырдың.
Ишая 25:1
Ізіңмен Сенің берік жүрді қадамдарым, Ақ жолыңнан тайып кетпеді аяқтарым.
Забур жырлары 16:5
Жаратқанның тауына кімнің шығуына болады, Оның киелі орнында кімнің тұруына болады? Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады, Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
Забур жырлары 23:3–4
Жауларыңның айқайын ұмыта көрме, Саған қарсы шыққандардың шуы күшеюде.
Забур жырлары 73:23–26
Оның барлық сүйектерін аман сақтайды, Тіпті бірде-біреуі сындырылмайды.
Забур жырлары 33:21
Көкке көтерілсем, сол орындасың, Тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың.
Забур жырлары 138:8
Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан, Құтқарылуым келеді тек қана Одан,
Забур жырлары 61:2
Қарлығаш не шымшықтай шырылдадым, Гүрлеген көгершіндей аһыладым. Ұдайы аспанға қарап талды көзім, Азаптан мені құтқаршы, уа, Тәңірім!
Ишая 38:14
Уа, Құдайым Жаратқан Ие, әкем Дәуіттің орнын бастырып алдыңдағы пендеңді патша етіп қойдың. Ал мен әлі жаспын, өз міндеттерімді қалай атқаруды білмеймін.
Патшалықтар 3-ж. 3:7
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Жақыптың хаты 1:5
Соңғылар үшін біздің таратқан Ізгі хабарымыз өлімнің шіріген иісіндей болса, алғашқылар үшін сол хабар шынайы өмірдің жұпар иісі секілді. Ал кім мұндай жауапты қызметті атқаруға қабілетті?
Қорынттықт. 2-хат 2:16
Менің бойымда, яғни ескі күнәкар болмысымда, жақсылық жоқ екенін білемін; сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ.
Римдіктерге хат 7:18
Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Міне, біреулер Оған сал болып ауырған бір адамды төсегімен көтеріп алып келді. Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді.
Матай 9:2
Иса бұрылып, оны көріп: «Қарындас, жігерлен, сенімің арқылы құтқарылдың!» — деді. Әйел сол сәтте-ақ сауығып кетті.
Матай 9:22
Айыпсыз жанды атады тосқауылдан, Кенеттен тап береді қорықпастан. Зұлым ойларында бір-бірін қолдайды, Құпия тор құруды жоспарлайды, «Мұны кім көрер?» деп өздерін мақтайды.
Забур жырлары 63:5–6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 21 қаң.
2014 ж. 20 қаң.
2014 ж. 19 қаң.
2014 ж. 18 қаң.
2014 ж. 17 қаң.
2014 ж. 16 қаң.
2014 ж. 15 қаң.

Жігерлендіру
Исаның кінә, ауру, белгісіздік және бас тарту сияқты өмірдегі жалпы қиындықтарды жеңуге қалай…

Дұға
Забур 61 Дәуіттің үмітсіз айқайынан сенімді мадақтауға ауысады. Құдайдың панасының ауыр жағдайларды мәңгілік…

Киелі Рух
Римдіктерге 8:1 – бұл абсолютті ақиқат мәлімдемесі: «Енді Мәсіх Исаның оң қолында болғандарға ешқандай…

Жаңа жаратылыс
Киелі кітаптағы «жаңа» сөзінің маңыздылығын зерттеңіз, жаратылыстан жаңа келісімге және жаңа аспан мен жерге…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.