Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2025 ж. 20 желтоқсан, сенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді.

Ефестікт. хат 1:4

Иеміз сүйген қымбатты бауырластар, сендер үшін Құдайға үнемі алғыс айтуға міндеттіміз. Себебі Ол сендерді Киелі Рухының арқасында Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүріп, әрі шындыққа сеніп құтқарылуларың үшін әуел бастан таңдап алған еді.

Салониқал. 2-хат 2:13

Құдай алдын ала білетін біздерді Өзінің рухани Ұлының үлгісіне ұқсасын, осылайша рухани Ұлы көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті аса қадірлі болсын деп бұрыннан белгілеп қойған еді. Құдай кімдерді бұрыннан белгілеп қойса, соларды шақырып алды, шақырып алғандарын ақтап та алды, ақтап алғандарына ұлылық та сыйлады.

Римдіктерге хат 8:29–30

Құдай Әке сендерді алдын ала танып, Өзінің Киелі Рухымен Иса Мәсіхке мойынсұнатын, Оның құрбандық өлімінде төгілген қаны арқылы тазарған, меншікті де қасиетті халқы болуға таңдап алған еді. Рақым, амандық және тыныштық сендерге молынан жауа берсін!

Петірдің 1-хаты 1:2

Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын. Көкіректеріңнен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын,

Езекиел 36:26

Құдай бізді азғын емес, Оған бағышталған қасиетті өмір сүруге шақырды.

Салониқал. 1-хат 4:7

Патша қолына сүйеніп жүретін жеке нөкері Құдайдың адамына: — Жаратқан Ие тіпті аспанның қақпаларын айқара ашып тастаса да, мұндай нәрсе қалай бола алады?! — деп сенімсіздік білдірді. Еліше оған: — Сен мұны өз көзіңмен көретін боласың, әйтсе де жей алмайсың! — деп жауап берді.

Патшалықтар 4-ж. 7:2

Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді:

Марқа 11:22

Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.

Еврейлерге хат 11:6

Иса оларға қарап: — Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі де келеді, — деп жауап берді.

Матай 19:26

Халқыма келгенімде неліктен Мені ешқайсың қарсы алмадыңдар? Мен қанша шақырсам да, ешқайсың жауап бермедіңдер? Өздеріңді азат ету қолымнан келмейді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерді құтқаруға құдіретім әбден жетеді! Менің бұйрығыммен теңіз кеуіп қалады. Мен өзендерді де шөл далаға айналдыра аламын. Сонда ондағы балықтар сусыз өліп, шіріп кетеді.

Ишая 50:2

Жаратқан Ие: «Менің ойым сендердің пікірлеріңнен өзге, Менің жолым сендердікінен басқа, — деп ескертеді. — Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік.

Ишая 55:8–9

Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!

Малахи 3:10

Біліп алыңдар: Жаратқан Иенің қолы сендерді құтқаруға дәрменсіз емес, Оның құлағы мінажаттарыңды естуге мүкіс те емес.

Ишая 59:1

Аса Құдай Иесіне дауыстап сиынып былай деді: «Уа, Жаратқан Ие, әлсізді мықтыдан қолдап-қорғайтын құдірет жалғыз Сенде ғана! О, Құдайымыз — Жаратқан Ие, бізді қолдай гөр! Біз Саған сенім артамыз, Сенің атыңмен осы қарақұрым тобырға қарсы аттанып шықтық. Уа, Жаратқан Ие, Сен біздің Құдайымызсың! Пенденің Өзіңнен басым болуына жол бере көрме!»

Шежірелер 2-ж. 14:11

Жүрегімізде өлімге кесілгендей сезіндік. Бұл жайт біздің өзімізге емес, Құдайға ғана сүйене алуымыз үшін де осылай болды. Ол өлгендерді тірілте алады ғой.

Қорынттықт. 2-хат 1:9

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2025 ж. 19 жел.

    Забур жырлары 112:4 · Ишая 50:10

  • 2025 ж. 18 жел.

    Еврейлерге хат 4:16 · Філіпілікт. хат 4:6–7

  • 2025 ж. 17 жел.

    Забур жырлары 80:18 · Жохан 6:63

  • 2025 ж. 16 жел.

    Жохан 13:1 · Жохан 17:9–10

  • 2025 ж. 15 жел.

    Ғалаттықт. хат 6:2 · Філіпілікт. хат 2:4–5

  • 2025 ж. 14 жел.

    Забур жырлары 66:2 · Ишая 43:21

  • 2025 ж. 13 жел.

    Тімотеге 2-хат 2:1 · Қолостықт. хат 1:11

Ұқсас мақалалар

  • Еврейлер 11-ден сенім туралы сабақтар: Үлкен нәрселер үшін өмір сүру

    Сенім

    Еврейлерге 11-ден сенім туралы сабақтар: Үлкен нәрселер үшін өмір сүру

    Еврейлерге 11-дегі Көне Өсиет кейіпкерлерінен сабақ ала отырып, сенімнің көрінбейтін үміттерді қалай анық…

    2025 ж. 15 нау.·Нил Холман
  • Даниэльдің пұтқа табынушы патшалары Құдайдың жолдары туралы не үйретеді

    Құдайдың Егемендігі

    Даниялдың пұтқа табынушы патшалары Құдайдың жолдары туралы не үйретеді

    Даниял кітабындағы Навуходоносор, Белшазар және Дарий туралы оқиғалар Құдайдың құтқару, сот және қалпына…

    2024 ж. 21 қар.·Белгісіз
  • Түлену

    Мәселенің мәні: оның Киелі кітаптағы рөлін түсіну

    Киелі кітап жүректі біздің болмысымыздың орталығы ретінде сипаттайды, бірақ ол өте зұлым. Құдайдың…

    2025 ж. 17 мау.·Ларри Ондрежек
  • Үміт

    Болашаққа деген көзқарасымыз қазіргі мәсіхшілік өмірге қалай әсер етеді

    Мәсіхшілік үміттің қауіпсіздікті, күшті және қуанышты қалай қамтамасыз ететінін зерттеңіз, тіпті ауыр дертке…

    2022 ж. 18 мау.·Джордж Хоук
  • Құдайдың қасиеттілігін және біздің қасиетті болуға шақыруымызды түсіну

    Құдайдың қасиеттері

    Құдайдың қасиеттілігін және біздің қасиетті болуға шақыруымызды түсіну

    Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

    2026 ж. 22 қыр.·Грейс және Ақиқат Қауымдастығы - Броули, Калифорния
  • Жаңа табиғат

    Мазасызданған сенушілер үшін құтқарылу туралы төрт шындық

    Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.

    2022 ж. 17 сәу.·Е. К. Хэдли