Ақылмен еңбек еткен игілік табар, Жаратқанға сенім артқан бақытты болар.
Нақыл сөздер 16:20
Күнделікті нұр
Ақылмен еңбек еткен игілік табар, Жаратқанға сенім артқан бақытты болар.
Нақыл сөздер 16:20
Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды. Осылай ол Тәңірдің өз уәдесін орындай алатынына қалтқысыз сеніп, Оған құрмет көрсетті.
Римдіктерге хат 4:20–21
Солтүстік Исраилдің қалған адамдары тізе бүкті. Осылайша яһудалықтар ата-бабалары сиынған Құдайы Жаратқан Иеге сенімдерін артқандықтан, күш-қуаты артып жеңіске жетті.
Шежірелер 2-ж. 13:18
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.) Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар, Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!
Забур жырлары 46:1–2
Мен жарлықтарыңды ұстана берем, Жалғыз қалдыра көрме мені мүлдем. Жастар қалай таза жолмен жүре алады? Сөзіңе бағынып соны істей алады.
Забур жырлары 118:8–9
Асыға гөр маған көмек беруге, Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Забур жырлары 37:23–24
Сондықтан оларға кенет ажал жетсін, Маған құрған торына өздері түссін, Осылайша өз бастары құрып кетсін. Сонда мен Жаратқанға шаттанамын, Мені құтқарған Иеме қуанамын,
Забур жырлары 34:8–9
Молайса нан менен жүзім шырыны, Саған сенбейтіндер масаттанады. Менің жүрегімді Өзің шаттандырдың, Соншама зор қуанышқа толтырдың.
Забур жырлары 4:8
Уа, Ием, жаратқандарыңа шаттанамын, Ұлы істеріңе қуана ән саламын.
Забур жырлары 91:5
Он ішекті аспапта әсем күй тартып, Жетіген және домбырамен қосылып.
Забур жырлары 91:4
Ей, Иерусалим қаласы, пайғамбарлардың көзін құртып, Құдай саған жіберген хабаршыларды тас лақтырып өлтіретін Иерусалим-ай! Балапандарын қанатының астына алған құс сияқты, Мен де сенің халқыңды қанша рет жинамақшы болдым. Бірақ сендер одан бас тарттыңдар!
Матай 23:37
Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан Қала болып Иерусалим салынған. Осында өрлеп келіп тұрады Жаратқанға сиынатын рулары, Исраилге Ол мынаны заң етіп тапсырды: Жаратқан Иенің есімін мұнда даңқтауды. Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.
Забур жырлары 121:3–5
Қашанғы бас саласыңдар бір адамға? Теңселген дуал, қисайған қабырға Сияқтанған мені құлатпақсыңдар ма?
Забур жырлары 61:4
Жалақор адамдар елде орнықпасын, Зорлықшылдарды апат қуып ұстасын.
Забур жырлары 139:12
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге хат 8:32
Ал сендер Мәсіхтің меншігісіңдер және Мәсіх — Құдайдікі.
Қорынттықт. 1-хат 3:23
Әлемнің Иесінің сот жүргізетін сол күні күллі мақтаншақтар мен тәкаппарлар, өзін-өзі дәріптеуші әркім де масқараланып төмендетіледі!
Ишая 2:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2026 ж. 28 там.
2026 ж. 27 там.
2026 ж. 26 там.
2026 ж. 25 там.
2026 ж. 24 там.
2026 ж. 23 там.
2026 ж. 22 там.

Бейбітшілік
Исаның Ғалилеядағы дауыл кезіндегі тыныштығы өмір сынақтарында Құдайға сенудің және Оның қамқорлығында…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Беру
Христиандық садақа берудің бес библиялық қағидасын зерттеңіз: жауапкершілік, құпиялылық, жүйелі тәжірибе…
Шайтан
Аянды жазған елші Жоханға: «Сен көрген нәрселерді, қазіргі нәрселерді және бұдан кейін болатын нәрселерді…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Мұса заңы
Заңның мақсатын, оның шектеулерін және христиандардың неліктен оның айыптауының астында емес екенін түсініңіз.