2006 ж. 3 мам.
Күнделікті нұр, 4 мамыр: Әлде соны ұзаққа созып жібере ме?
Күнделікті нұр
Біліп алыңдар: Жаратқан Иенің қолы сендерді құтқаруға дәрменсіз емес, Оның құлағы мінажаттарыңды естуге мүкіс те емес.
Ишая 59:1
Мінажат еткенімде жауап бердің, Жігер беріп, жанымды берік еттің.
Забур жырлары 137:3
Мен сиынып жатқан сол кезде-ақ алғашқы көріністе адам кейпінде көрген Жәбірейіл періште лезде ұшып келді. Бұл кешкі құрбандық ұсынылатын уақыттың шамасы еді.
Даниял 9:21
Бет-жүзіңді жасыра көрме менен, Ашумен бас тартпа мендей пендеңнен. Қорғап-қолдаушым болып келесің Сен, Жалғыз қалдырып безіп кетпе менен, Уа, Құдайым, Құтқарушымсың Сен.
Забур жырлары 26:9
Ием, Сен менен алшақтай көрме, Күшім менің, тез келе гөр көмекке.
Забур жырлары 21:20
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Өзіңнің ғаламат құдіретіңмен және алға созған қолыңмен аспан мен жерді жараттың. Сен істей алмайтын тым қиын нәрсе жоқ!
Еремия 32:17
Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз.
Қорынттықт. 2-хат 1:10
Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды!
Лұқа 18:7–8
Маған тапсырған ісіңді аяқтап.
Жохан 17:4
Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған «нәр» болады.
Жохан 4:34
Сөзін астарлап жалғастырып: — Жарық барда, Мені Жібергеннің тапсырған игі істерін істеуіміз керек. Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды.
Жохан 9:4
Менің Әкемнің ісімен шұғылдануым қажет, әлде мұны білмедіңіздер ме? — деп жауап берді. Бірақ әке-шешесі Оның айтқан сөздерін түсінбеді.
Лұқа 2:49–50
Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, Құдайды ұлылыққа бөлеуге септігін тигізеді: ол арқылы Құдайдың рухани Ұлының құдіретті ұлылығы көрінеді, — деді ... Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса.
Жохан 11:4, 40
Ал Исаның ойы да, бойы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта түсті.
Лұқа 2:52
Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды. Бұдан кейін олар: — Мынау Жүсіптің Баласы емес пе? — деп өзара сұрасты.
Лұқа 4:22
Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді: Сен лайықсың кітапты қолыңа алуға Және мөрлерін бұзып, оны ашуға! Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің, Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтан Шыққандардың төлемін өтеп босаттың, Һәм Құдайға оларды бағыштадың, Әрі Құдайымызға арнап соларды Жасадың діни қызметкерлер патшалығы; Олар жер бетін билейтін болады.
Аян 5:9–10
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 2 мам.
Жаратылыстың баст. 28:16 · Матай 18:20
2006 ж. 1 мам.
Ғалаттықт. хат 5:22 · Римдіктерге хат 8:6
2006 ж. 30 сәу.
Жоханның 1-хаты 2:5 · Еврейлерге хат 13:20–21
2006 ж. 29 сәу.
Патшалықтар 1-ж. 12:24 · Заңды қайталау 8:2
2006 ж. 28 сәу.
Жохан 1:29 · Еврейлерге хат 10:4–7
2006 ж. 27 сәу.
Қорынттықт. 1-хат 7:29 · Әйүп 14:1–2






