2006 ж. 2 мам.
Күнделікті нұр, 3 мамыр: Мен құдіреті шексіз Құдаймын
Күнделікті нұр
Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!
Матай 5:48
Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Менің көз алдымда мінсіз жүр.
Жаратылыстың баст. 17:1
Осылайша сендер Маған бағышталған киелі болуларың керек, себебі Мен, Жаратқан Ие, киелімін. Мен өздеріңді халықтардың арасынан өз халқым болуға ажыратып, бөлек қойдым.
Леуіліктер 20:26
Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
Қорынттықт. 1-хат 6:20
Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар. Ол күллі билік пен өктемдікке басшылық етеді.
Қолостықт. хат 2:10
Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті.
Титке хат 2:14
Мәсіхтің алдында тұрғанда Оның сендерді мүлтіксіз пәк таза, тыныштықпен өмір сүрді деп табуы үшін осыған жан сала ұмтылыңдар!
Петірдің 2-хаты 3:14
Пәк таза да тура жолмен жүріп, Жаратқанның тәліміне бағынғандар бақытты!
Забур жырлары 118:1
Ал кім кемелді тәлімге, яғни күнәнің құрсауынан азат ететін Ізгі хабарға, ұқыпты ден қойып, онысын ұдайы жалғастыра берсе, сол ұмытшақ тыңдаушы емес. Қайта, ол естігендерін жүзеге асырушы болып, іс-әрекетінде жарылқанбақ.
Жақыптың хаты 1:25
Уа, Құдай, жүрегімнің түкпірлерін тексере гөр, Мені мазалаған ойларымды біле гөр, Қауіпті жолдамын ба, сынай көрсеңші, Мәңгілік өмір жолымен мені жүргізсеңші!
Забур жырлары 138:23–24
Толығымен Оған бағышталған қасиетті өмір сүрейік!
Қорынттықт. 2-хат 7:1
Сүйікті бауырластарым, тәніміз бен рухымызды арамдайтын барлық нәрселерден тазарып, Құдайды терең қастерлеп.
Қорынттықт. 2-хат 7:1
Сен жүректің таза болуын қалайсың, Жан дүниеме даналық та құясың.
Забур жырлары 50:8
Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды.
Титке хат 2:12
Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.
Матай 5:16
Бұған әлі жете қойған жоқпын, өзімді Құдайдың көздегеніндей жетілдім деп те есептемеймін.
Філіпілікт. хат 3:12
Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.
Жоханның 1-хаты 3:3
Бізді осы үшін де жаратқан Құдай Өзінің берген уәделерінің орындалуының кепілі болсын деп, Киелі Рухын сыйлады.
Қорынттықт. 2-хат 5:5
Олар Құдайдың халқын өз қызметтерін атқаруға дайындауға тиіс. Соның нәтижесінде Мәсіхтің рухани денесі өсіп, күшейе бермек. Осылайша бәріміз бірге Құдайдың рухани Ұлына сеніп, Оны жақын білу арқылы Мәсіхтің кемелдігіне сай келетін біртұтас, жетілген қауым болмақпыз.
Ефестікт. хат 4:12–13
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 1 мам.
Ғалаттықт. хат 5:22 · Римдіктерге хат 8:6
2006 ж. 30 сәу.
Жоханның 1-хаты 2:5 · Еврейлерге хат 13:20–21
2006 ж. 29 сәу.
Патшалықтар 1-ж. 12:24 · Заңды қайталау 8:2
2006 ж. 28 сәу.
Жохан 1:29 · Еврейлерге хат 10:4–7
2006 ж. 27 сәу.
Қорынттықт. 1-хат 7:29 · Әйүп 14:1–2
2006 ж. 26 сәу.
Таңдаулы ән 2:6 · Заңды қайталау 33:27





