2006 ж. 16 мау.
Күнделікті нұр, 17 маусым: Барлық жағдайда өтініштеріңді
Күнделікті нұр
Барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
Філіпілікт. хат 4:6
Қатты сүйемін Жаратқан Иені, Жалынған даусымды Ол естіді, Иә, Ием құлақ түрді маған, Өмір бойы сиынбақпын Оған.
Забур жырлары 114:1–2
Құдайға сиынғанда жалған тәңірлерге құлшылық етушілер іспетті құр сөз сөйлей бермеңдер! Олар көп сөз айтсақ еститін болады деп есептейді.
Матай 6:7
Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп, сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді.
Римдіктерге хат 8:26
Сонымен ер адамдардың әр жерде адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын.
Тімотеге 1-хат 2:8
Киелі Рух арқылы әрдайым Құдайға сиынып, барлық өтініштеріңді айтып, рухани сергек те шыдамды болыңдар: Құдайдың бүкіл халқы үшін мінажат ете беріңдер!
Ефестікт. хат 6:18
Жер бетінде екеуің келісіп, қай нәрсені болса да көктегі Әкемнен сұрасаңдар, Ол соны бермек.
Матай 18:19
Уа, Ием, бар істерің даңқыңды шығарсын, Адал адамдарың да Сені мадақтасын!
Забур жырлары 144:10
(Дәуіттің жыры.) Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын, Шын жүректен қасиетті атын ардақтаймын. Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын, Маған көп жақсылық жасағанын ұмытпаймын.
Забур жырлары 102:1–2
Жаратқан Иені мадақтаймын әр уақытта, Оны мақтаған жыр ұдайы жүрсін аузымда.
Забур жырлары 33:2
Күн сайын Сені дәріптейтін боламын, Атыңды мәңгілік құрмет тұтамын.
Забур жырлары 144:2
Өмірден де артық — берік мейірімің, Ауызым Өзіңді мадақтай берсін, Өмір бойы бір Сені мадақтаймын, Атыңды атап қолымды жаямын. Өйткені жіліктің майлы басынан Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын, Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын.
Забур жырлары 62:4–6
Жан дүнием Иемді мадақтайды, Құтқарушым Құдайға қуанады.
Лұқа 1:46–47
«Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді».
Аян 4:11
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 15 мау.
Заңды қайталау 29:29 · Забур жырлары 131:1–2
2006 ж. 14 мау.
Філіпілікт. хат 3:10 · Петірдің 1-хаты 4:13
2006 ж. 13 мау.
Жохан 15:4 · Ғалаттықт. хат 2:20
2006 ж. 12 мау.
Руларды санау 31:23 · Заңды қайталау 13:3
2006 ж. 11 мау.
Лұқа 15:20 · Забур жырлары 103:8–13
2006 ж. 10 мау.
Лұқа 15:13 · Қорынттықт. 1-хат 6:11






