2006 ж. 27 мау.
Күнделікті нұр, 28 маусым: Ал мен Құтқарушымның тірі екенін білемін!
Күнделікті нұр
Ал мен Құтқарушымның тірі екенін білемін!
Әйүп 19:25
Себебі бұрын біз Тәңірге әлі де қас болған кезде Оның рухани Ұлының өлімі арқылы Құдаймен татулассақ, енді татуласқандар ретінде Мәсіхтің өмірі арқылы толықтай құтқарылатынымыз сөзсіз!
Римдіктерге хат 5:10
Ал Иса мәңгі бақи жасайтындықтан, Оның діни қызметі де өткінші емес. Сол себептен Ол Өзі арқылы Құдайға сиынғандардың бәрін толықтай құтқара алады. Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:24–25
Сондықтан сендер де мәңгілік өмірге ие боласыңдар.
Жохан 14:19
Егер де Мәсіхке тек бұ дүниедегі өмір үшін ғана үміт артсақ, онда біз барлық адамдардың ішіндегі ең байғұс-бейшаралары болар едік. Алайда өлгендердің алғашқысы ретінде Мәсіх өлімнен біржола қайта тірілді!
Қорынттықт. 1-хат 15:19–20
Сион қаласына және Жақыптың үрім-бұтағының теріс жолдан қайтқандарына оларды құтқаратын Қамқоршы келеді! — деп жариялайды Жаратқан Ие.
Ишая 59:20
Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын.
Ефестікт. хат 1:7
Ата-бабаларыңнан жеткен пайдасыз өмір салтынан азат болуларың үшін не төленгенін білесіңдер: күміс, алтын сияқты өткінші заттар емес, Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» — Мәсіхтің Өзі құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі.
Петірдің 1-хаты 1:18–19
Құдай Рухы: Соңғы дәуірде кейбіреулер сенімдерінен бас тартып, жалған рухтарға құлақ салып, жындар үйреткен ілімдерге еретін болады.
Тімотеге 1-хат 4:1
Сондықтан қалай тыңдайтындарыңа назар аударыңдар!
Лұқа 8:18
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары.
Қолостықт. хат 3:16
Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар.
Ефестікт. хат 6:16
Уа, Ием, өсиеттеріңді іске асырамын ... Қандай тамаша Сенің сөзіңнің дәмі, Ол тіпті тіл үйірген балдан да тәтті! Ақыл-кеңес табамын бұйрықтарыңнан, Бар жалған жолдар сондай жексұрын маған!
Забур жырлары 118:166, 103–104
Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады, Өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашады.
Забур жырлары 118:105
Бар ұстазымнан терең ұға аламын, Себебі жарлықтарың туралы толғанамын.
Забур жырлары 118:99
Шайтанның өзі өңін айналдырып, нұрлы періште болып көрінеді.
Қорынттықт. 2-хат 11:14
Егер біздер немесе тіпті «көктен түскен періште» сендерге бұрын уағыздағандарымызға қайшы өзге бір «ізгі хабарды» уағыздайтын болсақ, онда солай істегенімізді Құдайдың қарғысы атпақ.
Ғалаттықт. хат 1:8
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 26 мау.
Шежірелер 1-ж. 4:10 · Нақыл сөздер 10:22
2006 ж. 25 мау.
Жоханның 1-хаты 3:2 · Жохан 1:12
2006 ж. 24 мау.
Руларды санау 10:33 · Забур жырлары 31:15
2006 ж. 23 мау.
Жохан 14:16–17 · Жохан 16:7
2006 ж. 22 мау.
Қолостықт. хат 3:3 · Римдіктерге хат 6:2
2006 ж. 21 мау.
Петірдің 1-хаты 2:21 · Марқа 10:45






