2006 ж. 2 шіл.
Күнделікті нұр, 3 шілде: Рухани баласы болғандықтан
Күнделікті нұр
Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ.
Римдіктерге хат 8:17
Және сендер Мәсіхтікі болғандықтан, Ыбырайымның рухани ұрпағысыңдар, әрі Құдайдың оған уәде еткен игіліктерін иемденесіңдер.
Ғалаттықт. хат 3:29
Қараңдар, Әкенің бізге деген сүйіспеншілігі қандай зор: Құдайдың рухани балалары деп аталамыз және нақ солаймыз да!
Жоханның 1-хаты 3:1
Сонымен енді құл емес, рухани ұлсың; ал рухани баласы болған соң, Құдай саған Өзінің уәде еткендерін сыйлайтын болады.
Ғалаттықт. хат 4:7
Ол бізді Иса Мәсіхтің арқасында рухани балалары етуге алдын ала белгілеп қойды; Оның ізгі еркі осы болған.
Ефестікт. хат 1:5
Әке, Маған тапсырған адамдарыңның Өзім болатын жерде болуларын және Өзің Маған сыйлаған салтанатты ұлылығымды көрулерін қалаймын.
Жохан 17:24
Істерімді аяғына дейін атқарып, жеңіп шыққандарға халықтардың үстінен билік жүргізу құқығын сыйлаймын.
Аян 2:26
Өзімнің жеңімпаз болып, Әкеммен бірге Оның тағында отырғанымдай, Мен жеңіп шыққан әркімді де қасыма, тағымның үстіне отырғызамын.
Аян 3:21
Осы дүние маңызды деп есептейтіндерді жою үшін Құдай осы дүниенің менсінбей.
Қорынттықт. 1-хат 1:28
Мына сөйлеп жатқандардың бәрі ғалилеялықтар емес пе? — десті.
Елшіл. істері 2:7
Иса ағайынды екі жігітті ... Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты. Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер!
Матай 4:18–19
Кеңес мүшелері Петір мен Жоханның батылдығын көріп, олардың арнайы діни даярлықтан өтпеген қарапайым адамдар екенін байқағанда таңғалды. Сондай-ақ, олар екеуінің Исаның шәкірті болғанын білді.
Елшіл. істері 4:13
Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы.
Қорынттықт. 1-хат 2:4–5
Сендер Мені таңдап алған жоқсыңдар, қайта, Мен сендерді таңдап алдым: өздерің барып, рухани жеміс берсін ... Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар.
Жохан 15:16, 5
Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес.
Қорынттықт. 2-хат 4:7
«Күнделікті жолдағы күнделікті нұр» кітабынан алынған қасиетті жазбалар (қоғамдық домен жинағы).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 1 шіл.
Ғалаттықт. хат 5:22 · Ефестікт. хат 5:1
2006 ж. 30 мау.
Аян 3:19 · Еврейлерге хат 12:5–6
2006 ж. 29 мау.
Жоханның 1-хаты 5:3 · Жохан 6:40
2006 ж. 28 мау.
Әйүп 19:25 · Римдіктерге хат 5:10
2006 ж. 27 мау.
Аян 6:17 · Малахи 3:2
2006 ж. 26 мау.
Шежірелер 1-ж. 4:10 · Нақыл сөздер 10:22






