2006 ж. 20 қыр.
Күнделікті нұр, 21 қыркүйек: Сондықтан да еш мойымаймыз
Күнделікті нұр
Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді.
Римдіктерге хат 8:28
Пенденің ашуымен де даңқталасың, Оның қалған ашуын Өзің басасың.
Забур жырлары 75:11
Сендер маған жамандық ойладыңдар, бірақ Құдай мұның бәрін жақсылыққа соқсын деп, осы арқылы көп адамдарды аштан өлуден аман сақтап қалуға ниет етті.
Жаратылыстың баст. 50:20
Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады: Пауыл ... сонымен қатар бүкіл дүние, өмір не өлім, қазіргі мен болашақ нәрселер түгелдей қауымның пайдасы үшін болуға тиісті. Ал сендер Мәсіхтің меншігісіңдер және Мәсіх — Құдайдікі.
Қорынттықт. 1-хат 3:21–23
Басымыздан өткен осылардың бәрі де сендердің игіліктерің үшін. Бұның нәтижесінде барған сайын көптеген адамдар Құдайдың рақымын қабылдап, Оған шексіз ризашылық білдіріп, даңқын асырмақ. Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде. Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді!
Қорынттықт. 2-хат 4:15–17
Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер. Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.
Жақыптың хаты 1:2–4
Құдайдың сүйіспеншілігі және Киелі Рухпен қарым-қатынастарың бәріңде бола берсін!
Қорынттықт. 2-хат 13:13
Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін, Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух. Осы күнәкар дүние Киелі Рухты қабылдай алмайды, себебі Оны көрмейді әрі білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Киелі Рух сендермен бірге тұрып, жан дүниелеріңнен орын алады.
Жохан 14:16–17
Себебі Ол Өзінен шыққан сөзді емес ... Құдай Рухы Менің ұлылығымды көрсетеді, себебі Ол Менен қабылдаған хабарларды сендерге жеткізбек.
Жохан 16:13–14
Өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.
Римдіктерге хат 5:5
Ал Иемізге қосылған кісі Оның Өзімен рухани біртұтас болады. Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер.
Қорынттықт. 1-хат 6:17, 19
Осылай Құдайдың Киелі Рухын ренжітуден аулақ болыңдар! Онымен «таңбаландыңдар»: өмірлеріңнен орын алған Киелі Рух — бір күні жамандық атаулыдан азат етілулеріңнің кепілі.
Ефестікт. хат 4:30
Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп, сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді.
Римдіктерге хат 8:26
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 19 қыр.
Петірдің 1-хаты 5:10 · Мысырдан шығу 33:19
2006 ж. 18 қыр.
Забур жырлары 119:18 · Лұқа 24:45
2006 ж. 17 қыр.
Матай 12:20 · Забур жырлары 51:17
2006 ж. 16 қыр.
Нақыл сөздер 21:2 · Забур жырлары 1:6
2006 ж. 15 қыр.
Римдіктерге хат 6:14–15 · Римдіктерге хат 7:4
2006 ж. 14 қыр.
Ишая 51:12 · Қорынттықт. 2-хат 1:3–4
