2006 ж. 2 қар.
Күнделікті нұр, 3 қараша: Тыныштықты сыйлайтын Әмірші
Күнделікті нұр
Жаратқан Иенің көрсеткен жолдары түзу, әділдер олармен жүретін болады, ал Иемізге қарсы бас көтергендер соларда сүрініп құлайды.
Ошия 14:10
Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» ... Олар Мәсіх туралы хабарға мойынсұнбағандықтан «сүрініп, құлап», теріс жолға түсіп кетеді.
Петірдің 1-хаты 2:7–8
Жаратқанның жолы мінсіз жанға қорған болар, Ал зұлымдық істеушінің үрейін ұшырар.
Нақыл сөздер 10:29
Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!
Матай 11:15
Ақылды жан бұл жайттарға ден қояды, Жаратқанның берік рақымын ұғынады.
Забур жырлары 106:43
Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі.
Матай 6:22
Соның еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба.
Жохан 7:17
Өйткені кімде (біраз түсінік) бар болса, соған тағы да беріліп, онікі асып-тасып кетеді.
Матай 13:12
Кімде Құдайдың рухани өмірі болса, сол Оның айтқандарына құлақ асады. Сендерде Құдайдың рухани өмірі болмағандықтан, Оның айтқандарына құлақ аспайсыңдар.
Жохан 8:47
Алайда сендер шынайы өмірге ие болу үшін Маған келуден бас тартасыңдар.
Жохан 5:40
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді.
Жохан 10:27
Тыныштықты сыйлайтын Әмірші.
Ишая 9:6
Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай!
Заңды қайталау 6:4
Әкем Екеуіміз біртұтаспыз. ... Менің Әкеммен тығыз байланыста екенімізді түсінесіңдер.
Жохан 10:30, 38
Егер Мені білсеңдер, онда Әкемді де білер едіңдер, — деп жауап қайырды.
Жохан 8:19
— Мырзам, бізге Әкені көрсетіңіз, бізге сол да жеткілікті, — деп өтінді. Иса былай деп жауап берді: — Мен көптен бері қастарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба, Філіп? Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені.
Жохан 14:8–9
Мен және Жаратқан Ие Маған сыйлаған (рухани) балалар мұндамыз!
Еврейлерге хат 2:13
Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады.
Ишая 53:11
Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым бар, мәңгі болып келген және болашақта келетін Құдай Ие: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін!» — дейді.
Аян 1:8
Ыбырайым тумастан бұрын да (Мәңгі) Бар Болушы Менмін!
Жохан 8:58
Құдай оған былай деп жауап қатты: — Мен (Мәңгі) Бар Болушымын. Исраилдіктерге: «(Мәңгі) Бар Болушымын деген мені сендерге жіберді» деп айт.
Мысырдан шығу 3:14
Ал Ұл туралы былай делінген: «Сенің тағың, о, Құдай.
Еврейлерге хат 1:8
Бүкіл әлем жаратылмай тұрғанда-ақ Ол бар болатын, бәрін аман сақтайтын да — Сол.
Қолостықт. хат 1:17
Ал Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында тұрады!
Қолостықт. хат 2:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 1 қар.
Нақыл сөздер 8:34 · Забур жырлары 123:2
2006 ж. 31 қаз.
Зәкәрия 4:6 · Ишая 40:13
2006 ж. 30 қаз.
Жоқтау 3:26 · Забур жырлары 77:9
2006 ж. 29 қаз.
Таңдаулы ән 5:16 · Забур жырлары 104:34
2006 ж. 28 қаз.
Ишая 59:16 · Забур жырлары 40:6–8
2006 ж. 27 қаз.
Матай 8:17 · Леуіліктер 14:4–7






