2006 ж. 1 қар.
Күнделікті нұр, 2 қараша: Ол сендерді сол үшін де шақырды
Күнделікті нұр
Ешкім жамандыққа жамандықпен қайтармасын, қайта, бір-біріңе де, басқаларға да жақсылық жасауға ұмтылыңдар!
Салониқал. 1-хат 5:15
Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек. «Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес». Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады ... Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Петірдің 1-хаты 2:21–23
Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!
Еврейлерге хат 12:3
Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.
Еврейлерге хат 12:1–2
Сонымен, бауырластарым, күллі шынайы да қастерлі, әділ де таза, ұнамды да тартымды нәрселер, яғни қандай да адамгершілік және мақтауға тұрарлық қасиет болмасын, солар туралы ойлана беріңдер!
Філіпілікт. хат 4:8
Тыныштықты сыйлайтын Әмірші.
Ишая 9:6
Сен әсемсің күллі адам баласынан, Мейірімді сөз ағылады аузыңнан, Құдай Сені мәңгілікке жарылқаған. Уа, батыр, семсеріңді асынып ал, Зор даңқ пен ұлылыққа бөленіп ал. Осы салтанатыңмен жеңіске аттан ... Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік, Патшалығыңа жүргізесің әділ билік.
Забур жырлары 44:3–5, 7
Жаратқан, бірде Сен аян берген едің, Адал кісіңе мынадай сөз айтқан едің: «Мен жауынгер адамға күш-қуат дарыттым.
Забур жырлары 88:20
Қарсы шық! — дейді Әлемнің Иесі.
Зәкәрия 13:7
Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым! Оған сеніп, қорықпаймын да енді, Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі, Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы, Ол адал Құтқарушым болып келеді!
Ишая 12:2
Алайда Құдайға шүкір: Ол Мәсіхпен тығыз байланыстағы бізді әрдайым жеңістің шеруімен жетелеп.
Қорынттықт. 2-хат 2:14
Сендерді адасып кетуден сақтап, Өзінің нұрлы салтанаты көрінген күні қуанышпен, мүлтіксіз таза күйлеріңде өз алдына тұрғызуға бірден-бір Құдайымыздың құдіреті жетеді. Ол бізді Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарған еді ғой. Даңқ пен ұлылық, құдірет пен билік күллі өткен дәуірлерде болғандай, қазір де, мәңгілік те Онікі!
Яһуданың хаты 1:24–25
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 31 қаз.
Зәкәрия 4:6 · Ишая 40:13
2006 ж. 30 қаз.
Жоқтау 3:26 · Забур жырлары 77:9
2006 ж. 29 қаз.
Таңдаулы ән 5:16 · Забур жырлары 104:34
2006 ж. 28 қаз.
Ишая 59:16 · Забур жырлары 40:6–8
2006 ж. 27 қаз.
Матай 8:17 · Леуіліктер 14:4–7
2006 ж. 26 қаз.
Забур жырлары 99:1 · Еремия 5:22






