2007 ж. 14 нау.
Күнделікті нұр, 15 наурыз: Жаным өлердей қайғырып тұр
Күнделікті нұр
Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді.
Еврейлерге хат 2:10
Жаным өлердей қайғырып тұр. Осында қалып, Менімен бірге ұйықтамай, сергек болыңдар!» — деді. Иса сол жерден әрірек барып, етпетінен жығылып былай деп мінажат етті: «О, Әкем, мүмкін болса, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолата көрме. Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын!
Матай 26:38–39
Рухани күресіп қатты қиналған Иса одан бетер сиынып мінажат етті. Оның тері қан тамшыларына ұқсап жерге тамып жатты.
Лұқа 22:44
Өлімнің торы жан-жақтан шырмады, Ажалдың азабы мені қинады, Зор қайғы-қасірет тым меңдеп алды.
Забур жырлары 114:3
Мазақтары жүрегімді күйретіп, әлсізбін, Бекерге жұрттан аяныш күттім, Ешбір жұбатушыны кездестірмедім.
Забур жырлары 68:21
Көмек күтіп оң жағыма қараймын, Мені ойлаған ешкім жоқ деп байқаймын. Жер қалмады енді маған пана болар, Ешкімім жоқ жанымның қамын ойлар.
Забур жырлары 141:4
Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз.
Ишая 53:3
Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды.
Мысырдан шығу 20:11
Құдайдың салтанатты ұлылығын Аспан әлемі ашық паш етеді, Оның қолының керемет істерін Әуе кеңістігі де көрсетеді.
Забур жырлары 18:2
Жаратқанның сөзімен аспан жаралды, Аузының лебімен жұлдыздар да жасалды. Өйткені Ол сөз айтқанда орындалды, Бұйрық бергенде бар болып, берік тұрды.
Забур жырлары 32:6, 9
Қайта, бар халықтар судың шелектегі Тамшысындай ғана болып көрінеді, Таразыға қонған шаң-тозаң іспетті Олар да салмақсыз деп есептеледі. Құдай аралдарды түйіршік секілді Оп-оңай қолына алып көтереді.
Ишая 40:15
Құдайдың әлемді айтқан сөзімен жаратып, ретке келтіргенін, яғни көз алдымыздағы жаратылысты көзге көрінетін заттан емес, ғайыптан жасап шығарғанын сенімімізбен ұғынамыз.
Еврейлерге хат 11:3
Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа, Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға Назар аударған әрбір уақытымда Мынадай сұрақтар туады ойымда: Өзің ескеретіндей адам сонша кім, Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?
Забур жырлары 8:4–5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 13 нау.
Тімотеге 1-хат 2:5 · Еврейлерге хат 2:14
2007 ж. 12 нау.
Руларды санау 6:25–26 · Жохан 1:18
2007 ж. 11 нау.
Руларды санау 6:24 · Нақыл сөздер 10:22
2007 ж. 10 нау.
Жаратылыстың баст. 22:14 · Жаратылыстың баст. 22:8
2007 ж. 9 нау.
Тімотеге 1-хат 6:17 · Заңды қайталау 8:11–12
2007 ж. 8 нау.
Ишая 38:17 · Миха 7:18–19






