2007 ж. 25 нау.
Күнделікті нұр, 26 наурыз: Әкем жарылқағандар, келіңдер!
Күнделікті нұр
Сонда Жүсіп орнынан тұрып, түн ішінде Сәбиді анасымен бірге алып, Мысыр еліне жөнелді.
Матай 2:14–15
Сендер білесіңдер ғой: егер біреуге бағынып, оның еркін орындасаңдар, онда сол қожайындарыңның құлы боласыңдар. Сол сияқты, сендер не мәңгілік өлімге апаратын күнәға құл боласыңдар, не Құдайға мойынсұнып, әділдікке қызмет етесіңдер.
Римдіктерге хат 6:16
Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді. Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді.
Қорынттықт. 1-хат 12:11, 7
Тәңір Ие рақым етіп сыйлаған алуан түрлі рухани дарындарыңды жақсылап қолданыңдар. Әрқайсыларың қабылдаған дарындарыңмен бір-біріңе адал қызмет етіңдер.
Петірдің 1-хаты 4:10
Ал басқарушылардың әрқайсысынан сенімді болуы талап етіледі.
Қорынттықт. 1-хат 4:2
Себебі Құдай кімге көп берсе, одан көп талап етеді, кімге көп сеніп тапсырса, одан есепті де көбірек сұрайды.
Лұқа 12:48
Ал кім мұндай жауапты қызметті атқаруға қабілетті?
Қорынттықт. 2-хат 2:16
Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
Філіпілікт. хат 4:13
Оның мұқтаждыққа душар болған адамдарына көмектесіп, ынтамен қонақжайлылық танытыңдар!
Римдіктерге хат 12:13
Бір күні Дәуіт: «Саулдың әулетінен тірі қалған біреу бар ма екен? Мен Жонатан үшін оған мейірім көрсетейін!» — деп сұрастырды.
Патшалықтар 2-ж. 9:1
Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар! Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар. Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар. ... Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!
Матай 25:34–36, 40
Сендерге шындығын айтайын: атақ-шені жоқ осылардың біреуіне Менің шәкіртім болғаны үшін ең болмағанда бір тостаған салқын су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр қалмайды!
Матай 10:42
Сондай-ақ, қолдағы игіліктеріңмен өзара бөлісіп жақсылық жасауды ұмытпаңдар! Мұндай құрбандықтарға да Құдай риза.
Еврейлерге хат 13:16
Құдай әділетсіз емес қой: Ол жасаған игі істеріңді, өз адамдарына берген, әлі де беріп жатқан көмектерің арқылы Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды.
Еврейлерге хат 6:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 24 нау.
Жаратылыстың баст. 15:6 · Римдіктерге хат 4:20–24
2007 ж. 23 нау.
Аян 4:8 · Забур жырлары 22:3
2007 ж. 22 нау.
Жаратылыстың баст. 13:10–11 · Петірдің 2-хаты 2:7–8
2007 ж. 21 нау.
Аян 3:2 · Петірдің 1-хаты 4:7
2007 ж. 20 нау.
Забур жырлары 119:130 · Жоханның 1-хаты 1:5
2007 ж. 19 нау.
Елшіл. істері 3:26 · Петірдің 1-хаты 1:3






