2007 ж. 22 сәу.
Күнделікті нұр, 23 сәуір: Жаратқан Ие бірақ тірегім болды
Күнделікті нұр
Жаратқан Ие бірақ тірегім болды.
Забур жырлары 17:19
Шынында, тау-төбелердің бастарында жиналып, жалған тәңірлерге табынып, азғындыққа салынуымыз алдамшылық, көз бояушылық. Исраилдің құтқарылуы шынымен тек Құдай Иемізден ғана!
Еремия 3:23
Жаратқан — жартастай берік қорғаным, Мені қауіп-қатерден құтқарушым, Құдайым — сенім артқан шың құзым, Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым, Әрі биік таудағыдай баспанам!
Забур жырлары 17:3
Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар, Дауыстап қалықтата ән салыңдар: Исраил сиынған Киелі Құдай Енді өздеріңнің араларыңда Бөленеді салтанатты ұлылыққа!
Ишая 12:6
Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрады Оның періштесі, ол соларды құтқарады. Әділдер жалынса, Иеміз құлақ салады, Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады.
Забур жырлары 33:8, 18
Ежелден Құдай болып келеді баспанаң, Аясында боласың мәңгілік қолының.
Заңды қайталау 33:27
Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.
Еврейлерге хат 13:6
Жаратқан Иеден басқа кім Құдай екен? Құдайымыздан басқа кім қорғайтын құз екен? Құдай мені күш-қуатқа бөлейді, Мінсіз өмір жолымен жетелейді.
Забур жырлары 17:32–33
Бірақ та Құдайдың рақымымен қазір қандай болсам.
Қорынттықт. 1-хат 15:10
Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп.
Ишая 53:6
Егер «күнәсізбіз» десек, онда өзімізді алдап, бізде шындықтың болмағаны.
Жоханның 1-хаты 1:8
Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер бар: Бірде-бір әділ кісі жоқ, ақылды ешкім де жоқ ... Бәрі тайып кетті теріс жолға, әбден бұзылып кетті бірігіп барлығы да.
Римдіктерге хат 3:10–12
Өз бетімен жүріп, адасып кеткен қой сияқты едіңдер, ал қазір өздеріңді бағып жетелеп, жандарыңды қорғап жүретін «Бағушыларыңа» қайта оралдыңдар.
Петірдің 1-хаты 2:25
Жоғалған қой іспетті адасып келемін, О, Ием, іздеп мені, қасыңа қайтарсаң екен, Өсиеттеріңді енді шығармаймын есімнен.
Забур жырлары 118:176
Ием жаныма күш дарытады. Есімі «Қасиетті» деп аталады, Содан артамын Оған сенімімді: Ол мені тура жолмен жетелейді.
Забур жырлары 22:3
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды.
Жохан 10:27–28
— Егер араларыңдағы біреудің жүз қойы болып, солардың бірін жоғалтып алса, ол не істемек? Тоқсан тоғыз қойын далада қалдырып, жоғалып кеткенін тапқанша іздемей ме?
Лұқа 15:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 21 сәу.
Філіпілікт. хат 4:1 · Әйүп 23:11
2007 ж. 20 сәу.
Заңды қайталау 13:17 · Қорынттықт. 2-хат 6:17
2007 ж. 19 сәу.
Жохан 10:7 · Матай 27:51
2007 ж. 18 сәу.
Заңды қайталау 18:18 · Заңды қайталау 5:5
2007 ж. 17 сәу.
Забур жырлары 50:23 · Қолостықт. хат 3:16–17
2007 ж. 16 сәу.
Забур жырлары 31:22 · Забур жырлары 69:2






