2008 ж. 15 нау.
Күнделікті нұр
Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Жақыптың хаты 4:14
Күндерім жүгірушіден де жылдам зымырап өтіп жатыр. Олар ешбір жақсылықты көрмей, лезде өте шығады. Иә, күндерім қамыстан жасалған жүйрік қайықтай, олжасына шүйілген бүркіттей зуылдап өтіп жатыр!
Әйүп 9:25–26
Сен лезде-ақ алып кетесің пендені, Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді, Яки далада өскен шөп тәрізді: Таң ата шықса да көгеріп, Кешке қарай қурап қалады семіп.
Забур жырлары 89:6
Пенденің өмірі қып-қысқа, соның өзі де әбден мазасыз. Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады.
Әйүп 14:1–2
Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
Жоханның 1-хаты 2:17
Олар құриды, Сен боласың әр уақытта, Киімдей тозады олардың барлығы да, Көйлектей ауыстырасың Сен оларды, Содан олар лақтырылып тасталады. Ал Өзің өзгермей қалатын боласың, Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.
Забур жырлары 101:27–28
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Рухыммен де, санаммен де мадақтау жырларын айтамын.
Қорынттықт. 1-хат 14:15
Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер! Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер.
Ефестікт. хат 5:18–19
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!
Қолостықт. хат 3:16
Аузыммен Жаратқанның даңқын асырамын, Лайым әрбір жан мақтасын киелі атын!
Забур жырлары 144:21
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені! Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі, Бұл қандай ұнамды да жарасымды! Жаратқан Иеге шүкірлік әнін айтыңдар, Құдайымызға жетігенмен күй тартыңдар!
Забур жырлары 146:1, 7
Сонда мен сарылдап аққан көп судың даусындай, күннің қатты күркіріндей, көктен шыққан бір дыбысты естідім. Ол жетігенде ойнаған күйшілердің әсем сазындай еді.
Аян 14:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 15 нау.
2008 ж. 14 нау.
2008 ж. 13 нау.
2008 ж. 12 нау.
2008 ж. 11 нау.
2008 ж. 10 нау.
2008 ж. 9 нау.

Күнә
Құмарлықтың не екенін және оны рухани жетілу арқылы және Құдайдың еркіне назар аудару арқылы қалай жеңуге…

Христология
Мәсіх Филадельфияға Өзін Киелі және Шындық ретінде таныстырады, мінсіз күнәсіз және барлық нәрседе толықтай…

Кішіпейілділік
Фарисей өзіне ұнады, бірақ кішіпейіл салық жинаушы Құдайға ұнады. Неге өзін-өзі ақтау емес, кішіпейілдік…

Күнә
Тазалыққа шақыратын Киелі кітаптың үндеуін зерттеңіз, оның маңыздылығын Ескі өсиеттің бұйрықтарынан Жаңа…

Діннен безіну
Ежелгі Өсиеттен бас тартқан Қабыл, Балаам және Қорахтың оқиғаларын зерттеңіз. Олардың сенімсіздігінен сабақ…

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…