2008 ж. 1 сәу.
Күнделікті нұр
Онда қолдарыңдағы Астарта бейнелерін және өзге де бөтен тәңірлердің бейнелерін лақтырып тастаңдар! Жаратқан Иеге шын жүректен мойынсұнып, тек Оған ғана қызмет етіңдер!
Патшалықтар 1-ж. 7:3
Балаларым менің, жалған тәңірлерден аулақ болыңдар!
Жоханның 1-хаты 5:21
Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар! Сонда Мен сендерді қабылдаймын. Мен сендерге Әке боламын, ал сендер рухани ұл-қыздарым боласыңдар дейді Әлемнің Билеушісі — Жаратқан Ие.
Қорынттықт. 2-хат 6:17–18
Сендер де Құдайға және байлыққа бірдей бағышталып қызмет ете алмайсыңдар!
Матай 6:24
Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым «Қызғаныш». Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын.
Мысырдан шығу 34:14
Оған шын жүрегіңнен және бар жан дүниеңмен қызмет ет! Себебі Жаратқан Ие күллі адамдардың жүрегінің түкпір-түкпірлерін тексеріп, олардың барлық ой-ниеттерін түсінеді. Егер Оған бет бұрып сиынатын болсаң.
Шежірелер 1-ж. 28:9
Сен жүректің таза болуын қалайсың, Жан дүниеме даналық та құясың.
Забур жырлары 50:8
Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады, Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады.
Патшалықтар 1-ж. 16:7
Сүйікті бауырларым, жүрегіміз бізді айыптамағанда Құдай алдында нық сеніміміз болады және.
Жоханның 1-хаты 3:21
Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?
Лұқа 18:8
Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады.
Жохан 1:11
Құдай Рухы: «Соңғы дәуірде кейбіреулер сенімдерінен бас тартып, жалған рухтарға құлақ салып, жындар үйреткен ілімдерге еретін болады», — деп анық айтады.
Тімотеге 1-хат 4:1
Құдайдың сөзін уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл. Олардың қателерін әшкерелеп, тыйым сал, әрі жақсылыққа жігерлендіре тұрып, зор сабырлылықпен тәлім бер! Себебі адамдар дұрыс тәлімді еш қабылдамайтын уақыт та туады. Олар жеке құмарлықтарының жетегінде кетіп, құлақтарына жағатындарды ғана айтатын тәлім берушілерді көптеп шақырып, соларды тыңдайтын болады. Осылай олар шындыққа құлақ салмай, бос аңыздарға назар аудармақ.
Тімотеге 2-хат 4:2–4
Ал сол күннің, сол сәттің қашан болатынын ешкім білмейді. Бұл жайт көктегі періштелерге де, Құдайдың рухани Ұлына да белгілі емес, жалғыз Оның Әкесіне ғана мәлім. Ұдайы сақ та сергек болыңдар (әрі Құдайға сиыныңдар), себебі Менің қайтып келген кезімнің қашан болатынын білмейсіңдер.
Марқа 13:32–33
Қожайыны келгенде олардың күзетіп ояу отырғанын көрсе, қызметшілері бақытты!
Лұқа 12:37
Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады.
Титке хат 2:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 1 сәу.
2008 ж. 31 нау.
2008 ж. 30 нау.
2008 ж. 29 нау.
2008 ж. 28 нау.
2008 ж. 27 нау.
2008 ж. 26 нау.

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

Сенім
Құдай біздің жүрегімізді көреді, ал адамдар сыртқы келбетіне қарай бағалайды. Киелі жазбаның шынайы сенім мен…

Ораза
Ескі Өсиет тәжірибесінен Жаңа Өсиет іліміне дейінгі киелі кітаптағы оразаны зерттеңіз. Христиандар үшін…

Кішіпейілділік
Фарисей өзіне ұнады, бірақ кішіпейіл салық жинаушы Құдайға ұнады. Неге өзін-өзі ақтау емес, кішіпейілдік…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…