2008 ж. 15 сәу.
Күнделікті нұр
Қорқыныштан былай деп уайымдадым: «Сірә, Сенің назарыңнан тыс қалдым!» Бірақ Сен жалынған даусыма құлақ түрдің, Сиынған мінажатыма жауап бердің.
Забур жырлары 30:23
«Батпаққа» терең батып бара жатырмын, Аяқ басып тұрар жер таба алмаймын, Судың тереңіне батқан адамдаймын, Ағызып барады мені қатты ағын.
Забур жырлары 68:3
Су ағыны асып кетті сонда басымнан, Мен: «Құрыдым енді!» деп түңіліп ойлағам. Атыңды сенің терең құдық түбінен Уа, Жаратқан Ием, атап шақырдым мен. «Құлағыңды көмек сұраған үнімнен Жаппашы!» деген жалынышымды естідің Сен. Солай шақырғанымда жақындап келдің, «Еш қорықпа!» деп мені жігерлендірдің.
Жоқтау 3:54–57
Әлде Иеміз біржола бас тартты ма? Енді қайтып ықылас танытпай ма? Берік мейірімі мүлдем үзілді ме? Берген сөзі мәңгілік күйреді ме? Мейірленуді Құдай ұмытқан ба? Қаһары рақымын басып тастаған ба? Мен былай деймін: «Құдай Тағаланың Құдіреті өзгеріпті, бұл — нағыз азабым». Ием, Сенің істеріңді еске аламын, Ежелгі кереметтеріңді ойға аламын.
Забур жырлары 76:8–12
Алайда мен мынаған нық сенемін: Әлі де бұ дүниеде тірі жүремін, Жаратқан Иенің мейірімін көремін.
Забур жырлары 26:13
Ол Маған сиынғанда құлақ саламын, Азап шеккен кезінде оған жар боламын, Аман-есен сақтап.
Забур жырлары 90:15
Ябес Исраил сиынған Құдайға былай деп мінажат етті: «Мені жарылқап, тиесілі жерімнің көлемін кеңейтсең екен! Құдіретті қолыңмен маған жар бола гөр. Азапқа ұшырататын жамандықтан аулақ сақтай гөр!» Сонда Құдай Ябеске сұрағанын берді.
Шежірелер 1-ж. 4:10
Соны сұра, — деді. Сүлеймен Құдайға былай деп жауап берді: — Сен әкем марқұмға зор рақымыңды көрсете отырып, маған оның орнын бастырып патшалық құрғыздың. маған осы халықтың лайықты басқарушысы болуға даналық пен білім сыйлай гөр.
Шежірелер 2-ж. 1:7–8, 10
Құдай Сүлейменге орасан зор даналық пен түсінік дарытып, теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай мол білім сыйлады.
Патшалықтар 3-ж. 4:29
Аса Құдай Иесіне дауыстап сиынып былай деді: «Уа, Жаратқан Ие, әлсізді мықтыдан қолдап-қорғайтын құдірет жалғыз Сенде ғана! О, Құдайымыз — Жаратқан Ие, бізді қолдай гөр! ... Сен біздің Құдайымызсың! Пенденің Өзіңнен басым болуына жол бере көрме!» Сонда Жаратқан Ие Асаның және Яһуда жасағының көз алдында құштық Зарахтың жасақшыларына соққы берді.
Шежірелер 2-ж. 14:11–12
Мінажаттар құлағыңа жетеді, Барлық адамдар алдыңа келеді.
Забур жырлары 64:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 15 сәу.
2008 ж. 14 сәу.
2008 ж. 13 сәу.
2008 ж. 12 сәу.
2008 ж. 11 сәу.
2008 ж. 10 сәу.
2008 ж. 9 сәу.

Дұға
Жоқтау забурлары сенушілерге Құдайға адал шағымдар мен сұрақтарды жеткізуді үйретеді. Киелі кітаптағы…

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

Құтқарылу
Киелі кітап екі «мәселе» туралы айтады: Құдайдың өлімнен құтқаруы және жүрегіңіздегі өмірдің қайнар көзі.
Ашу
Құдай бізге күнә жасамай ашулануды бұйырады. Мәселелерді шешетін жақсы ашу мен күнәға әкелетін жаман ашудың…
Жесірлер
Құдай жесірлерге ерекше қамқорлық пен қамтамасыз етуді ұсынады, бұл Киелі жазбаларда Зарефаттық жесір сияқты…

Шәкірттік
Христиандық жарысты шыдамдылықпен жүгіру үшін әрбір ауыртпалық пен күнәні тастаңыз. Дүниелік жетістіктер мен…