2008 ж. 16 шіл.
Күнделікті нұр
Сен тез қаһарлана қоймайтын төзімдісің, берік сүйіспеншілігің шексіз зор. Пәле жіберемін деген райыңнан қайтуға да дайынсың.
Жүніс 4:2
Сондықтан да, уа, Ием, Сенің зор құдіретің көріне түссін! Өзің сол туралы былай деп едің ғой: «Жаратқан Ие тез қаһарланбайды, Ол сондай сенімді де қайырымды, Көтеріліс пен теріс қылықтарды Тіпті кешіруге дайын тұрады! Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды, Ол аталарының кінәлары үшін Жазалайды балалары мен немерелерін, Тіпті шөберелері мен шөпшектерін».
Руларды санау 14:17–18
Бізге аталарымыздың күнәларын артпашы, Қайта, өз рақымыңды бізге тезірек жолдашы ... Құтқарушы Құдайымыз, бізді қолдай гөр, Атыңның даңқына бола азат ете гөр, Есіміңе бола бар күнәмізді кешіре гөр.
Забур жырлары 78:8–9
— Күнәларымыздың көптігі бізге қарсы айғақ болса да, уа, Жаратқан Ие, өз есіміңнің даңқы үшін бізді құтқара көрші! Опасыздығымыз шегінен шыққан, Сенің көз алдыңда күнәға баттық. Өз күнәларымызды, ата-бабаларымыздың зұлымдығын мойындаймыз, уа, Жаратқан Ие! Біз шынында да Сенің алдыңда күнә жасадық.
Еремия 14:7, 20
Ием, Сен күнәларды есіңнен шығармасаң, Кім алдыңда тірі қалар, уа, Жаратқан? Бірақ Сен кешірім беруге әзірсің, Содан бәрі Сені қастерлей берсін!
Забур жырлары 129:3–4
Әрі шындыққа сеніп құтқарылуларың үшін әуел бастан таңдап алған еді.
Салониқал. 2-хат 2:13
Көтерілші, самал желім, солтүстіктен, Сондай-ақ, жылы желім, оңтүстіктен, Өзімнің бақшама соғып келсеңші, Жұпарларын оның тарата берсеңші!
Таңдаулы ән 4:16
Құдайдың еркімен болған қайғыларыңнан өздеріңде не туындағанын қараңдаршы: қандай ынта-жігер, күнәдан арылуға деген неткен ұмтылыс, болған жайтқа не қылған наразылық пен абыржу, неткен сағыныш, бәрін түзетуге деген соншама құлшыныс, қандай әділ жаза!
Қорынттықт. 2-хат 7:11
Ал нұрдағы өмірдің өнімі — нағыз игілік, әділдік, шындық. Құдай Иеге не ұнайтынын біліп алып.
Ефестікт. хат 5:9–10
Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың.
Жохан 14:26
Өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.
Римдіктерге хат 5:5
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік.
Ғалаттықт. хат 5:22
Бастарынан өтіп жатқан ауыртпалықтар арқылы сенімдері қатты сыналғанмен, (Иемізге деген) қуаныштары шексіз болды. Осылайша олар ағыл-тегіл мол беріп, өздерінің тақыр кедейліктеріне қарамастан жомарттық көрсетті.
Қорынттықт. 2-хат 8:2
Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді.
Қорынттықт. 1-хат 12:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 16 шіл.
2008 ж. 15 шіл.
2008 ж. 14 шіл.
2008 ж. 13 шіл.
2008 ж. 12 шіл.
2008 ж. 11 шіл.
2008 ж. 10 шіл.

Қайғы
Христиандардың неге қиыншылықта мақтана алатынын біліңіз. Құдайдың тазартатын сүйіспеншілігі арқылы…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…