2008 ж. 11 там.
Күнделікті нұр
Өйткені өз халқын Жаратқан Ие Өзінен аластатпайды мәңгілікке. Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді.
Жоқтау 3:31–32
Қорықпа, уа ... дейді Жаратқан Ие. — Себебі Мен саған жар боламын. ... бірақ өзіңді құртпаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай.
Еремия 46:28
Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтан Оның қаһарына ұшыраймын. Бірақ кейін Ол мүддемді қорғап, мені ақтайды. Сонда Ол мені нұрға алып шығады, Оның әділ істерін көремін!
Миха 7:9
Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады.
Қорынттықт. 1-хат 1:27
Бірақ исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жалбарына сиынғанда, Ол бір құтқарушыны: буняминдік Гера ұлы Ехудті тағайындады. Ехуд солақай болатын. ... Ехудтен кейін Анат ұлы Шамғар Исраилді жау қолынан құтқарды. Бірде Шамғар бұқа айдайтын, ұшы өткір істікпен алты жүз філістірдің көзін құртты.
Билер 3:15, 31
Жаратқан Ие Гедеонға бұрылып: — Сен бар да, осы құдіретіңмен Исраилді мадияндықтардың қолынан құтқарып ал! ... деп аманаттады. Бірақ Гедеон: — Уа, Мырзам, мен қалайша Исраилді құтқармақпын? Менің әулетім Манаса руының ішіндегі ең әлсізі, әрі өзім де әкемнің үйіндегі кенжесімін ғой! — деп жауап қатты.
Билер 6:14–15
Жаратқан Ие Гедеонға былай деп тапсырды: «Мадияндықтарды қолдарына тапсыруым үшін сенімен бірге шыққан жасақ тым көп. Әйтпесе кейін исраилдіктер «Өз күшіміз бізді жау қолынан құтқарды» деп Менің алдымда мақтанып жүрер.
Билер 7:2
Билік күшімен де емес, тек Менің Рухыммен ғана табысқа жетесің! — дейді Әлемнің Иесі.
Зәкәрия 4:6
Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!
Ефестікт. хат 6:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 11 там.
2008 ж. 10 там.
2008 ж. 9 там.
2008 ж. 8 там.
2008 ж. 7 там.
2008 ж. 6 там.
2008 ж. 5 там.

Пайғамбарлық
Захарияның аяндарын (3-6 тараулар) зерттеңіз, олар Исраилдің тазартылуын, Мәсіхтің рөлін және болашақ батаны…

Сенім
Киелі кітап бізге біз сияқты адамдар туралы көптеген әңгімелер береді. Отниэл Халебтің інісі Кеназдың ұлы…

Сенім
Калеб, Отниэл және Ахса арқылы сенім мұрасын зерттеңіз. Құдайдың күшімен өмірдегі алыптармен бетпе-бет келуді…

Берілгендік
Шәкірттіктің библиялық мағынасын, Мәсіхке ерудің құнын және Құдайдың адал сенушілерді Оған толық қызмет етуге…

Құдайдың Құдіреті
Құдайдың ерекше шайқас әдістерін және оның күшінің, тіпті күтпеген қарулармен де, жеңісті қалай қамтамасыз…
Қызмет
Марқасқа Ізгі хабар Иеміз Исаны Кемел Қызметші ретінде бейнелейді. Төменде біз Мәсіхтің кез келген ізбасары…