2008 ж. 12 қыр.
Күнделікті нұр
Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»!
Жохан 7:37
Жан дүнием Жаратқанның киелі үйіндегі Аулаларына баруды аңсап, әлсірейді, Мәңгі тірі Құдайға жан-тәнім әндетеді.
Забур жырлары 83:3
Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың, Таң сәріден мен Саған бет бұрамын, Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған, Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам. Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім, Құдірет пен ұлылығыңды байқадым.
Забур жырлары 62:2–3
Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар!
Ишая 55:1
Киелі Рух пен Қалыңдық: «Келе гөр!» — деп шақырады. Мұны естіген әркім де «Келе гөр!» десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!
Аян 22:17
Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады.
Жохан 4:14
Ал қаным — шынайы рухани «сусын».
Жохан 6:55
Достарымыз, кәне, ішіп-жеңдер, Уа, ғашықтар, тоя іше беріңдер! (Жас келін:).
Таңдаулы ән 5:1
Сендер жер бетінде тұз сияқтысыңдар.
Матай 5:13
Көріктерің жүректеріңдегі көзге көрінбес ізгі қасиеттеріңнен тұрсын.
Петірдің 1-хаты 3:4
Рухани қайта туылып, жаңа өмірге иесіңдер ғой. Бұл шіріп кететін табиғи тұқым арқылы жүзеге асқан жоқ. Қайта, сендер ешқашан құрымайтын «рухани тұқым» — Құдайдың өмір беретін мәңгілік сөзін қабылдағанда, қайта туылып жаңа өмірге ие болдыңдар.
Петірдің 1-хаты 1:23
Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады.
Жохан 11:25
Себебі олар тіріліп, Құдайдың рухани балалары болады.
Лұқа 20:36
Осылай олар мәңгі тірі Құдайдың ұлылығына табынудың орнына ажалды пенденің.
Римдіктерге хат 1:23
Ал бойында Мәсіхтің Киелі Рухы жоқ адам — Мәсіхтің адамы емес. Егер де Мәсіх (Өзінің Рухы арқылы) өмірлеріңнен орын алған болса, онда тәндерің күнәнің кесірінен ажалды болғанмен, рухтарың ақталудың арқасында мәңгілік өмірге ие. Өлімнен Иса Мәсіхті қайта тірілткен Құдайдың Киелі Рухы өмірлеріңнен орын алды. Сондықтан Құдай бойларыңда тұратын Өзінің Киелі Рухы арқылы сендердің денелеріңді де өлімнен тірілтіп алатын болады.
Римдіктерге хат 8:9–11
Топыраққа көмілген дене шіріп кетеді, ал қайта тірілгені мәңгі шірімейді.
Қорынттықт. 1-хат 15:42
Ендеше жан дүниелеріңде тазартатын «тұз» болсын! Осылай өзара тату-тәтті өмір сүріңдер!
Марқа 9:50
Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін.
Ефестікт. хат 4:29
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 12 қыр.
2008 ж. 11 қыр.
2008 ж. 10 қыр.
2008 ж. 9 қыр.
2008 ж. 8 қыр.
2008 ж. 7 қыр.
2008 ж. 6 қыр.

Жанқиярлық
Жек көрінішті сараң Марсельді сумен қамтамасыз етті. Оның құрбандығы Исаның барлық сенушілерге мәңгілік өмір…

Мейірім
Киелі кітаптағы тұздың символдық мағынасын зерттеңіз, ол рақымның дәмдік, сақтаушы және тазалаушы әрекетін…

Құтқарылу
Иса тарихтағы ең радикалды миссияға ерікті болды – адамзаттың құтқарылуы үшін өз өмірін құрбан ету үшін Жерге…

Қасиетті Вечер
Христиандардың қауымдастық туралы түсінігін және нан мен шараптың Исаның денесі мен қанына тікелей…

Жаңа жаратылыс
Құдайдың Киелі жазбада Нұхтан Исаның өзгерістеріне дейін қалай жаңа бастамалар ұсынатынын біліңіз. Оның…

Иса Мәсіх
Ібіліс өзінің бұл зұлым амбициясынан бас тартқан да, өкінбеген де. Ол Құдайға қарамастан адамзат арасында…