2009 ж. 14 сәу.
Күнделікті нұр
Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті.
Еремия 50:34
Өйткені сендердің бас көтеріп, Маған қарсы шыққан жайттарыңның қаншалықты көп әрі күнәларыңның қандай ауыр екенін білемін.
Амос 5:12
Адал кісіңе мынадай сөз айтқан едің: «Мен жауынгер адамға күш-қуат дарыттым.
Забур жырлары 88:20
Мен сенің Құтқарушыңмын, сені азат ететін Қамқоршыңмын.
Ишая 49:26
Ол: — Мен әділдікті айтамын, құтқаруға құдіреттімін, — дейді.
Ишая 63:1
Сендерді адасып кетуден сақтап, Өзінің нұрлы салтанаты көрінген күні қуанышпен.
Яһуданың хаты 1:24
Бірақ күнә қаншалықты көбейсе, Құдайдың рақымы одан да асып түсті.
Римдіктерге хат 5:20
Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған.
Жохан 3:18
Сол себептен Ол Өзі арқылы Құдайға сиынғандардың бәрін толықтай құтқара алады.
Еврейлерге хат 7:25
Ешқайсың жауап бермедіңдер? Өздеріңді азат ету қолымнан келмейді деп ойлайсыңдар ма?
Ишая 50:2
Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? ... Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!
Римдіктерге хат 8:35, 38–39
Осылай бола тұра, сен өзің үшін ұлы нәрселерге қол жеткізуге ұмтыласың ба?
Еремия 45:5
Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің.
Матай 11:29
Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын: Мәсіхтің құдайлық болмысы бола тұра, Ол Онысына жармасқан жоқ, қайта, Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын: Ол адам секілді бұ дүниеге келді, Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді. Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды, Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды.
Філіпілікт. хат 2:5–8
Кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе, сол Менікі болуға лайықты емес.
Матай 10:38
Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек.
Петірдің 1-хаты 2:21
Расында да Құдайға ұнамды өмір сүріп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткізеді. Бұ дүниеге ештеңе де әкелген жоқпыз, одан ештеңе алып кетпейтініміз де айдан анық. Сондықтан ішер ас пен киер киім болса, соған қанағат етейік.
Тімотеге 1-хат 6:6–8
Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім.
Філіпілікт. хат 4:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 14 сәу.
2009 ж. 13 сәу.
2009 ж. 12 сәу.
2009 ж. 11 сәу.
2009 ж. 10 сәу.
2009 ж. 9 сәу.
2009 ж. 8 сәу.

Құтқарылу
Күнәнің жазасы мен күшінен құтқарудан бастап, оның болуынан болашақ құтқаруға дейінгі құтқарудың жан-жақты…

Бейбітшілік
Оңтүстік Каролина штатындағы Энори қаласындағы шіркеуде хор жаттығуын өткізіп жатқанда, бір сәби жылай…

Шәкірттік
Көптеген адамдардың мақсаты – өздеріне сенімді болуға, ұлы істерді атқаруға, кедергілерді жеңуге және өте…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Мәсіхшілік өмір
Мәсіхтің алдын ала білуі мен арашашылығы Оның біздің қажеттіліктерімізге әрдайым дайын екенін, бізді кез…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…