2009 ж. 9 мам.
Күнделікті нұр
Себебі шайтан әлем жаратылғаннан бері күнә жасап келеді. Бірақ Құдайдың рухани Ұлы шайтанның ісін жою үшін бұ дүниеге келді.
Жоханның 1-хаты 3:8
Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.
Ефестікт. хат 6:12
Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты.
Еврейлерге хат 2:14
Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп, Мәсіхтің істегендері арқылы жеңіп шықты.
Қолостықт. хат 2:15
Содан кейін мен көктен шыққан қатты дауысты естідім. Ол былай деді: «Енді Құдай (Өзінің халқын) құтқарды! Ол құдіретін көрсетіп, патшалық етіп, билік жүргізеді. Оның тағайындаған Патшасы Мәсіх өктемдік етеді! Ал Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды. Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді. Олар өз жандарын тым қатты сүймей өлімге қиды.
Аян 12:10–11
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:57
(Жеке өздігінен өмірдің) бәрі де құр бекер әрі мағынасыз!
Уағыздаушы 1:2
Жылдарымыз күрсінумен бітеді. Ғұмырымыз жетпіс жасқа созылар, Күш-қуат жетсе, мүмкін, сексен болар, Жақсы кезде де шегеміз бейнет-азап, Ақыры ғайып боламыз, ғұмыр зырлап.
Забур жырлары 89:9–10
Егер де Мәсіхке тек бұ дүниедегі өмір үшін ғана үміт артсақ, онда біз барлық адамдардың ішіндегі ең байғұс-бейшаралары болар едік.
Қорынттықт. 1-хат 15:19
Осы күнәкар дүниеде біз тұратын мәңгілік қала жоқ, қайта, көктегі келешек қаланы аңсап күтудеміз.
Еврейлерге хат 13:14
Жаратқан Ие, еш өзгермеймін, (Келісіміме адал болып қаламын).
Малахи 3:6
Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.
Філіпілікт. хат 3:20–21
Өйткені жаратылыс өз еркімен емес, Құдайдың үкімімен өткіншілікке бағынды.
Римдіктерге хат 8:20
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі! — деп сиынумен болды.
Аян 4:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 9 мам.
2009 ж. 8 мам.
2009 ж. 7 мам.
2009 ж. 6 мам.
2009 ж. 5 мам.
2009 ж. 4 мам.
2009 ж. 3 мам.

Христология
Мәсіх Филадельфияға Өзін Киелі және Шындық ретінде таныстырады, мінсіз күнәсіз және барлық нәрседе толықтай…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Рухани өсу
Жаңа сенушілер кездесетін қиындықтарды, соның ішінде ішкі күрестерді және ішіндегі екі табиғаттың ашылуын…

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…