2009 ж. 3 шіл.
Күнделікті нұр
Исаның жақсы көретін шәкірті дастарқан басында Оның қасында жантайып жатушы еді.
Жохан 13:23
Шешесінің бөбегін жұбатқанындай, Мен де сендерді жұбатпақпын.
Ишая 66:13
Адамдар Исаға балаларын алып келіп, Одан соларға қолын тигізіп бата беруін өтінді. ... Содан Иса балаларды құшақтап, үстеріне қолын қойып бата берді.
Марқа 10:13, 16
Кейінірек Иса шәкірттерін қасына шақырып: — Халыққа жаным ашиды. Олар үш күннен бері қасымда болып, жейтін азықтары қалмады. Оларды аш күйлерінде қайтарып жібергім келмейді: жолшыбай әлсіреп, құлап қалар, — деді.
Матай 15:32
Осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта.
Еврейлерге хат 4:15
Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді. Құдайымыз сүйіспеншілігімен Және мол қайырымдылығымен.
Ишая 63:9
Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.
Жохан 14:18
— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим!
Ишая 49:15
Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.
Аян 7:17
Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх. Ол өз жанын құрбан етіп, күнәларымыздың құнын өтеді.
Жоханның 1-хаты 2:1–2
Олар перғауыннан шығып келе жатқанда өздерін күтіп тұрған Мұса мен Һаронға жолығып: «Жаратқан Ие сендерге назар салып, үкімін шығарсын! Өйткені сендер бізді перғауын мен оның нөкерлерінің алдында сасық нәрседей жиренішті еттіңдер! Көзімізді құрту үшін олардың қолдарына қару ұстатып қойдыңдар!» — деп бұларға кінә артты. Содан Мұса қайтадан Жаратқан Иеге сиынып: — Уа, Ием, бұл халықты осыншама азапқа неліктен душар еттің? Мені не үшін жібердің?
Мысырдан шығу 5:20–22
Сөз жоқ, Өзін қастерлейтін жандарды Құдай жақында құтқаратын болады ... Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі, Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді.
Забур жырлары 84:10–11
Бірақ Сен кешірім беруге әзірсің, Содан бәрі Сені қастерлей берсін! Уа, Исраил халқы, сенім арт Жаратқанға, Рақым мен құтқаратын күш шексіз Онда. Бар күнәсінің құнын төлеп, Исраилді Құтқарып Жаратқан Ие азат етеді.
Забур жырлары 129:4, 7–8
Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды. Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді.
Римдіктерге хат 3:23–25
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 3 шіл.
2009 ж. 2 шіл.
2009 ж. 1 шіл.
2009 ж. 30 мау.
2009 ж. 29 мау.
2009 ж. 28 мау.
2009 ж. 27 мау.

Құтқарылу
Күнәнің жазасы мен күшінен құтқарудан бастап, оның болуынан болашақ құтқаруға дейінгі құтқарудың жан-жақты…

Дін қызметі
Мәсіхтің біздің ұлы Бас діни қызметшіміз екенін біліңіз, Ол кемел құрбандық жасады және біздің күрестерімізге…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…