2009 ж. 6 шіл.
Күнделікті нұр
Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға бастап алып барды.
Матай 4:1
Сонымен қатар Мәсіх жер бетінде жүргенде Өзін өлімнен құтқаруға құдіреті жететін Әкесіне қатты дауыстап сиынып, көз жасын төгіп жалбарынды. Мәсіх Әкесін терең қастерлегендіктен мінажаты қабыл болды. Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді. Жүктелген тапсырмасын толық орындап шыққан Ол Өзіне мойынсұнғандардың барлығы үшін мәңгілік құтқарылуға жол ашты.
Еврейлерге хат 5:7–9
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Еврейлерге хат 4:15
Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді.
Қорынттықт. 1-хат 10:13
Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Осы сияқты Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра ... көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанымды қиюға осы дүниеге келдім.
Матай 20:28
Таураттың ережелеріне сай арам деп есептелген адамдарға құрбандыққа шалынған қошқардың не бұзаудың қаны, немесе шалынып, өртелген жас сиырдың күлі бүркіліп себілетін. Сол арқылы олар сырттай тазартылатын. Олай болса, мәңгілік Киелі Рухқа кенелген, Өзін мүлдем кемшіліксіз құрбандық ретінде Құдайға ұсынған Мәсіхтің өз қаны рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан ар-ұжданымызды одан бетер арылтып тазартпақ! Соның нәтижесінде біз мәңгі тірі Құдайға шынымен ғибадат ете аламыз.
Еврейлерге хат 9:13–14
Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды.
Ишая 53:7
Олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын. Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар.
Жохан 10:15, 18
Себебі тірі мақұлықтың жаны оның қанында. Мен сендерге жандарыңды арамданған күйлерінен тазарту үшін құрбандық үстелінде ұсынылған қанды бұйырдым. Өйткені төгілген қан арқылы жанның құны өтеліп, оны арамданған күйінен тазартады.
Леуіліктер 17:11
Қан төгілмей, Құдай күнәні кешірмейді.
Еврейлерге хат 9:22
Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді. Енді біз Мәсіхтің қаны төгіліп құрбан болғандығы арқылы ақталған соң, Оның арқасында Құдайдың қаһарынан мәңгілік құтқарылатынымыз да сөзсіз!
Римдіктерге хат 5:8–9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 6 шіл.
2009 ж. 5 шіл.
2009 ж. 4 шіл.
2009 ж. 3 шіл.
2009 ж. 2 шіл.
2009 ж. 1 шіл.
2009 ж. 30 мау.

Құтқарылу
Күнәнің жазасы мен күшінен құтқарудан бастап, оның болуынан болашақ құтқаруға дейінгі құтқарудың жан-жақты…

Дін қызметі
Мәсіхтің біздің ұлы Бас діни қызметшіміз екенін біліңіз, Ол кемел құрбандық жасады және біздің күрестерімізге…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…

Шәкірттік
Via Dolorosa Иерусалимдегі жай ғана физикалық жол емес. Иса қалай жүрсе, солай жүруді үйреніңіз, өзін-өзі…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Жанқиярлық
Жек көрінішті сараң Марсельді сумен қамтамасыз етті. Оның құрбандығы Исаның барлық сенушілерге мәңгілік өмір…