2009 ж. 28 там.
Күнделікті нұр
Жаратқанға сенім артқан бақытты болар.
Нақыл сөздер 16:20
Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды. Осылай ол Тәңірдің өз уәдесін орындай алатынына қалтқысыз сеніп, Оған құрмет көрсетті.
Римдіктерге хат 4:20–21
Осылайша яһудалықтар ата-бабалары сиынған Құдайы Жаратқан Иеге сенімдерін артқандықтан, күш-қуаты артып жеңіске жетті.
Шежірелер 2-ж. 13:18
Құдай — біздің панамыз да күшіміз, Қиын кезде сенімді көмекшіміз. Сол себептен біз уайымдап қорықпаймыз, Тіпті дүниенің астан-кестені шықса да, Таулар теңіздің тұңғиығына құласа да.
Забур жырлары 45:2–3
Адам баласына сенім артқаннан гөрі Жаратқан Иені паналау сондай игі! Әмірші, әкімдерге сенім артқаннан гөрі Жаратқан Иені паналау сондай игі!
Забур жырлары 117:8–9
Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады, Жүрген өмір жолын Ол ұнатады, Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды, Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды.
Забур жырлары 36:23–24
Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер, Қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер! Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері! Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді.
Забур жырлары 33:9–10
Уа, Жаратқан, мен төсегіме жатып Ұйықтаймын енді қаннен-қаперсіз, Өйткені Өзің маған бердің сыйлап Тыныш өмірді қауіп-қатерсіз.
Забур жырлары 4:9
Түнде сен қара түнек қорқынышынан ... Сені Өзінің «қанатымен» жауып алады, «Қалқан мен қамалың» — Оның адалдығы.
Забур жырлары 90:5, 4
Мен де сенің халқыңды қанша рет жинамақшы болдым. Бірақ сендер одан бас тарттыңдар!
Матай 23:37
Тайдырмайды Ол табаныңды, Ұйықтамайды Қорғаушың, Исраилді Қолдап-қорғаушы Қалғымайды да ұйықтамайды. Қорғаушың — Жаратқан Ие, Қасыңда Ол саяң болып жүреді.
Забур жырлары 120:3–5
Уа, Құдай, мекеніңде мәңгі тұрайыншы, «Қанатыңның астынан» тыным табайыншы.
Забур жырлары 60:5
Десем де, түнек жасырмайды Сенен, Саған күндей нұрлы — түннің өзі де, Жарықтай айқын — түнек те көзіңе!
Забур жырлары 138:12
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге хат 8:32
Ал сендер Мәсіхтің меншігісіңдер және Мәсіх — Құдайдікі.
Қорынттықт. 1-хат 3:23
Әлемнің Иесінің сот жүргізетін сол күні күллі мақтаншақтар мен тәкаппарлар, өзін-өзі дәріптеуші әркім де масқараланып төмендетіледі!
Ишая 2:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 28 там.
2009 ж. 27 там.
2009 ж. 26 там.
2009 ж. 25 там.
2009 ж. 24 там.
2009 ж. 23 там.
2009 ж. 22 там.
Мәңгілік
Мәңгілік ұғымын Құдайға, Мәсіхтің етке айналуына және жоғалғандар мен құтқарылғандардың мәңгілік тағдырларына…
Құтқарылу
Құдайдың Өз Ұлы Исаны құтқарылу үшін берген керемет сыйын ойланыңыз. Бұл еске салу сенушілерге қиын әлемде…
Мәсіхшілік өмір
Құдай біздің жағдайларымыз туралы бәрін біледі, дәл ертедегі шіркеулерді білгендей. Біз Оның Киелі Рух пен…

Құдайдың қорғауы
Құдайдың шексіз сүйіспеншілігі мен үздіксіз қамқорлығы сізді барлық зұлымдықтан, күндіз-түні, кез келген…
Рухани соғыс
Аян 12:11-ді және Қозының қаны шайтанның айыптауларын қалай жеңетінін түсініңіз. Мәсіхтің құрбандығы сиқырлы…
Емдеу
Исаның ғажайып емдеулері мен қазіргі заманғы Құдайлық емдеу туралы мәлімдемелер арасындағы айырмашылықтарды…