Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

Күнделікті нұр, 2 қыркүйек: Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді, Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді!

Забур жырлары 26:14

Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің: Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең, Шексіз зор даналығы Өзінің, Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін! ... Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды.

Ишая 40:28–29

Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.

Ишая 41:10

Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады, Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады, Оларға қорғаныш боласың дауылдан Әрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан. Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаны Соққылаған боран.

Ишая 25:4

Берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер. Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.

Жақыптың хаты 1:3–4

Ендеше жігер берген нық сенімдеріңнен күдер үзбеңдер! Сол үшін берілетін зор сый алдарыңда күтіп тұр. Құдайдың еркін орындап, Оның уәде еткенін иемдену үшін төзімді болуларың қажет.

Еврейлерге хат 10:35–36

Ол мені жасыл жайлауға жаяды.

Забур жырлары 22:2

«Бірақ әділетсіздер буырқанып, тынши алмайтын теңізге ұқсайды. ... Әділетсіздерде амандық пен тыныштық болмайды!» — деп ескертеді Құдайым.

Ишая 57:20–21

Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!

Матай 11:28

Шыдамды бол Жаратқанның алдында.

Забур жырлары 36:7

Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады.

Еврейлерге хат 4:10

Түрлі бөтен ілімдерге ілесіп кетпеңдер! Жан дүниеміздің Құдайдың рақымымен нығаюы игі. Бұған ішіп-жеуге болатын тағамдар туралы діни ережелердің қатысы жоқ.

Еврейлерге хат 13:9

Онда біз бұдан былай әрбір ой толқынына тәлкек болған жас баладай кез келген ағымдағы ілімге ілесуден, әрі қу, айлакер адамдардың алдап-арбауына еріп азғындық жолға түсуден аулақ боламыз. Қайта, бір-бірімізге шындықты сүйіспеншілікпен айтамыз және қауымның Басы — Иса Мәсіхпен тығыз байланысымызда жан-жақты өсіп жетілеміз.

Ефестікт. хат 4:14–15

Саясында оның отыра берсем екен, Жемісі тәтті, ләззат табамын мен. Тойханаға алып барды ол мені, Бәріне айқын өзімді сүйетіні.

Таңдаулы ән 2:3–4

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2009 ж. 1 қыр.

    Ғалаттықт. хат 5:22–23 · Ишая 29:19

  • 2009 ж. 31 там.

    Римдіктерге хат 5:16 · Ишая 1:18

  • 2009 ж. 30 там.

    Естер 5:2 · Мысырдан шығу 22:27

  • 2009 ж. 29 там.

    Нақыл сөздер 16:20 · Римдіктерге хат 4:20–21

  • 2009 ж. 28 там.

    Аян 12:10 · Аян 12:11

  • 2009 ж. 27 там.

    Забур жырлары 119:105 · Забур жырлары 17:4–5

  • 2009 ж. 26 там.

    Мысырдан шығу 28:36 · Еврейлерге хат 12:14

Ұқсас мақалалар

  • Қанағат

    Шынайы қанағат Құдаймен қарым-қатынастан келеді

    Шынайы қанағат Иеміз Исамен, Жақсы Шопанмен қарым-қатынастан келеді. Баталарға емес, Оған назар аударудың…

    2021 ж. 22 қаз.·Белгісіз
  • Мәсіх біздің Ұлы Бас діни қызметкеріміз: жанашырлық және уақтылы көмек

    Дін қызметі

    Еврейлерге хаттағы Мәсіхтің ұлылығы: Ұлы діни қызметкер

    Мәсіхтің біздің ұлы Бас діни қызметшіміз екенін біліңіз, Ол кемел құрбандық жасады және біздің күрестерімізге…

    2026 ж. 6 қаз.·Брайан Рейнольдс
  • Рухани өсу

    Ойыңызды жаңартыңыз: Жаңа жылға Құдай Сөзін есте сақтаңыз

    Петірдің соңғы хаты сенушілерге Құдайдың хабарымен ойларын жаңартуға, Оның Сөзіне мойынсұнуға және Оның…

    2022 ж. 2 нау.·Джордж Хоук
  • Құлшылық

    Құлшылық деген не? Өмірде және сөзде Құдайды мойындау

    Құлшылық – Құдайдың табиғаты мен әрекеттерін жүректен мойындау, ауызша мадақ немесе сөзсіз істер арқылы…

    2022 ж. 10 нау.·Дэвид Рид
  • Неке

    Мәсіхпен аспандағы некеңіз: орындалған арман

    Сенушілер үшін кемел некеге деген үміт біздің Мәсіхпен рухани одағымызда, бізді сөзсіз сүйетін аспандағы…

    2022 ж. 5 нау.·Ларри Ондрежек
  • Махаббат

    Бір-бірінің ауыртпалықтарын көтеру және Мәсіхтің заңын орындау

    Бір-бірінің ауыртпалықтарын көтеру, сүйіспеншілік пен мейірімділік әрекеті арқылы Мәсіхтің заңын орындау…

    2022 ж. 28 қаң.·Альберт Стюарт