2009 ж. 31 там.
Күнделікті нұр
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай ... ілтипаттылық.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
Бейнет шеккендер Жаратқан Иеден жаңадан қуаныш тауып, мүсәпірлер Исраилдің Киелі Құдайына шаттана ән салатын болады.
Ишая 29:19
Теріс пікірлеріңнен қайтып, бала сияқты (кішіпейіл) болмасаңдар, Құдайдың Патшалығына кіре алмайсыңдар! Кім өзін осы жас бала сияқты кіші тұтса, Құдай Патшалығында соның жолы ең үлкен.
Матай 18:3–4
Мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы.
Петірдің 1-хаты 3:4
Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды.
Қорынттықт. 1-хат 13:4
Әрдайым әділ, Құдайға ұнамды өмір сүріп, сенім мен сүйіспеншілікке, төзімділік пен ілтипаттылыққа ұмтыла бер.
Тімотеге 1-хат 6:11
Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен.
Матай 11:29
Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады.
Ишая 53:7
Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек. «Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес». Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады ... Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Петірдің 1-хаты 2:21–23
Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін!
Лұқа 9:23
Бізді не құрметтеп, не қараласа да, не сөгіп, не мадақтаса да.
Қорынттықт. 2-хат 6:8
Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады.
Тімотеге 2-хат 3:12
Сонда Мәсіхтің айқышта жанын құрбан еткені туралы уағыздарым яһуди діндарларының ашуын қоздырмас еді ғой.
Ғалаттықт. хат 5:11
Мен адамдарға ұнауға тырыспаймын, әйтпесе Мәсіхтің қызметшісі бола алмас едім.
Ғалаттықт. хат 1:10
Мәсіхтің атына бола қорлық көрсеңдер ... Алайда егер қайсыбіреулерің азап шексеңдер, бұл, әрине, кісі өлтіріп, ұрлық не өзге қылмыс жасаудың немесе басқаның шаруасына қол сұғудың зардабы болмауға тиіс! Ал мәсіхші болғандарыңа бола жәбірленсеңдер, одан ұялмаңдар, керісінше, Мәсіхтің атымен аталғандарың үшін Құдайды мадақтаңдар.
Петірдің 1-хаты 4:14–16
Ол сендерге рақым етіп, Мәсіхке сенуді ғана емес, Ол үшін азап шегуді де белгіледі.
Філіпілікт. хат 1:29
Бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді. Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.
Қорынттықт. 2-хат 5:14–15
Егер қиыншылықтарға төзе берсек, Онымен бірге патшалық ететін де боламыз.
Тімотеге 2-хат 2:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 31 там.
2009 ж. 30 там.
2009 ж. 29 там.
2009 ж. 28 там.
2009 ж. 27 там.
2009 ж. 26 там.
2009 ж. 25 там.

Шәкірттік
Via Dolorosa Иерусалимдегі жай ғана физикалық жол емес. Иса қалай жүрсе, солай жүруді үйреніңіз, өзін-өзі…
Құтқарылу
Құтқарылудың жарқын Ескі Өсиеттік иллюстрациясын зерттеңіз, мұнда қозының құрбандығы есекті құтқарады, бұл…

Қайта тірілу
Қайта тірілген Мәсіхтің өз шәкірттеріне қалай көрінгенін, тыныштық әкелгенін және олардың Киелі жазбаларды…
Мәсіх
Ишая 52:13-15, Мәсіхтің азап шегуі мен жоғары көтерілуі туралы пайғамбарлықты ашыңыз. Иса Мәсіхтің құдайлық…
Неке
Вашти патшайымның қарсылығын, Ахашверош патшаның жарлығын және неке мен Шіркеудің мойынсұнуы үшін терең…
Рухани өсу
Петірдің соңғы хаты сенушілерге Құдайдың хабарымен ойларын жаңартуға, Оның Сөзіне мойынсұнуға және Оның…