2009 ж. 2 қаз.
Күнделікті нұр
Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты.
Аян 1:5
Мол су да махаббатты өшіре алмас, Тасыған өзен оны батыра алмас. ... Өйткені махаббат өлімдей қуатты.
Таңдаулы ән 8:7, 6
Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.
Жохан 15:13
Біз күнәнің құлдығынан босатылып, әділ өмір сүре алуымыз үшін Мәсіх айқыш ағашта күнәларымыздың айыбын өз денесінде көтеріп тұрды. Осылай Оның жаралары арқылы (рухани дертімізден) сауықтық.
Петірдің 1-хаты 2:24
Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын.
Ефестікт. хат 1:7
Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 6:11
Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!
Петірдің 1-хаты 2:9
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.
Римдіктерге хат 12:1
Түрлі қызметтер де бар, ал біздің қызмет ететін Тәңір Иеміз Біреу.
Қорынттықт. 1-хат 12:5
Патшаның Иерусалимдегі қоймаларын Адиел ұлы Азмаует ... Патшаның егістік жерлерін өңдеумен айналысатын шаруалардың басқарушысы Хелуб ұлы Езра болатын. Оның жүзім бақтарын рамақтық Шимей ... Осылардың бәрі Дәуіт патшаның мал-мүлкін қарайтын қызметкерлері болды.
Шежірелер 1-ж. 27:25–27, 31
Құдай қауымда кейбіреулерді, біріншіден, елшілер, екіншіден, Өзінің хабарын жеткізушілер, үшіншіден, тәлім берушілер етіп қойды; Ол, сондай-ақ, кейбіреулерге кереметтер жасайтын құдірет, әрі ауруларды сауықтыратын, көмек көрсететін, ұйымдастырып басқаратын және түрлі бөтен тілдерде сөйлейтін дарындар да сыйлады. Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді.
Қорынттықт. 1-хат 12:28, 11
Тәңір Ие рақым етіп сыйлаған алуан түрлі рухани дарындарыңды жақсылап қолданыңдар. Әрқайсыларың қабылдаған дарындарыңмен бір-біріңе адал қызмет етіңдер: уағыз айтатындарың Құдай сөзін уағыздай беріңдер; қызмет көрсететіндерің Тәңір Иенің өздеріңе берген күш-қуатымен қызмет ете беріңдер! Осылайша барлық істе де Құдай Иса Мәсіх арқылы мадақталсын. Ұлылық, даңқ және билік мәңгі Онікі!
Петірдің 1-хаты 4:10–11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 2 қаз.
2009 ж. 1 қаз.
2009 ж. 30 қыр.
2009 ж. 29 қыр.
2009 ж. 28 қыр.
2009 ж. 27 қыр.
2009 ж. 26 қыр.

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Сенушілердің діни қызметі
Мәсіхшілердің үш құрбандығын ашыңыз: мадақтау, басқаларға қызмет ету және денеңізді тірі құрбандық ретінде…
Емдеу
Исаның ғажайып емдеулері мен қазіргі заманғы Құдайлық емдеу туралы мәлімдемелер арасындағы айырмашылықтарды…
Мәсіхтің Құдайлығы
Аяндағы «Альфа және Омега» мен «Құдіретті» ұғымдарын ашыңыз. Барлық білімге ие, барлық күшке ие Иеміз Исаның…
Құлшылық
Гедеон табыну үшін жеке құрбандық орнын, ал куәлік үшін көпшілік құрбандық орнын салды. Бұл біздің тиімді…

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…